5.07.2019, 1:09
Қараулар: 362
«Пайдасыз басқосулардан арылайық»

«Пайдасыз басқосулардан арылайық»

Сейсенбі күні  облыс  әкімі Ғали  Есқалиев  кезекті жұмыс  сапарымен  Бәйтерек  ауданында  болды. Биылғы  жыл  бұл ауданның  бірқатар  ауылдарына «SunсarSmartСity»  интеллектуалды  бейнебақылау  жүйесінің камералары  орнатылған  болатын.  Переметный  ауылында  болған  өңір  басшысы  алдымен  осы  игі  бастаманың  жұмыс  барысымен  танысты.

Тың бастаманы мемле­кеттік-жекеменшік әріп­­тестік жоба­сымен «Элайтс» ЖШС жү­зеге асырған. Ауылдардың кіреберіс жолдары мен басты кө­шелеріне қойыл­ған «ақылды» камералар бір ор­та­лықтан басқа­рылады. Жобаны іске асыру­шы компания атал­-
ған құрылғы­лар­дан бөлек алты дрон камерала­рын алған. Олар су тасқыны, өрт секілді төтенше жағдайларды әуе­ден бақылауға алуға немесе мал ұрлығын жедел ашуға зор септігін тигізбек.

«SunсarSmartСity» жобасын жү­зеге асырушы компания жетекшісі Александр Молчановтың айтуынша, ауданның Переметный, Калинин, Көшім, Үлкен Шаған, Дариян, Мичурин, Асан ауылдарына барлығы 243 дана интеллектуалды бейнебақылау камера­лар орнатылған. Олардың 81-і бас­қарылатын, 162-сі стационарлы бей­некамералар. Бұл камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіз­дік пен тәртіпті қадағалау, қыл­мыстың алдын алу немесе тез арада ашу мақсатында орнатылған. Ақылды құрылғылардың көмегі­мен көшедегі көліктің мемлекет­тік нөмірін, адамдардың бет-әл­петін полиция бөлімшесіндегі экран арқылы анық көруге болады.

Облыс әкімі Переметный ауы­лындағы «ҚазСуШар» РМК Камен филиалында болып, су сорғы стан­сасының жұмысымен де таныс­ты. Аталған станса бүгінде ау­дан­ның он елді мекенін таза ауыз сумен қамтып отыр. 1982 жылы пайдануға берілген стансаның су айдағыш құбырлары 2003 жылы жаңартылған. Дегенмен сол кез­де орнатылған полиэтилен құ­бырлардың сапасы белгіленген талаптарға сай келмегендіктен бү­гінде судың қысымына шыдас бермеуде.

– Стансаға су жеткізетін негізгі құбырдың жиі істен шығуы жұмысымызға қолбайлау болуда. Дәл қазір он шақырымға жуық су құбыры пайдасыз. Күні кеше екі жерден құбыр тесіліп, тұрғын­дар­ға су беру уақытша тоқта­тылды. Станса 24 мың­нан астам
өңір тұрғынын таза ауыз су­мен қамтиды. Бәй­те­рек ауданына қа­расты ауылдар­дан бөлек бұл жер­­ден Орал қа­ласы маңын­да­ғы бір­қатар шағын­аудан­дарға су жет­-
кізіледі. Ал ша­һардың За­шаған кенті маңында­ғы үйлердің де, тұрғындардың да саны күн са­нап өсуде. Сондықтан бола­шақ­­та бұл су стансасын қайта жаб­дықтаудан өткізіп, 15 ұңғыма қазу керек болады, – деді «ҚазСуШар» РМК БҚО Камен фи­лиалы ди­ректорының орынбасары Талғат Қажғалиев.

Мәселенің мән-жайымен та­ныс­қан өңір басшысы жан-жақ­ты зерттеу жүргізіп, алдағы уа­қытта түйткілдің шешілу жолда­рын қарастыратындығын айтты.

Бұдан соң облыс әкімінің қаты­суымен ауданның актив жиыны  өтті. Бас­қосуда аудан әкімі Асхат Шахаров биылғы жылдың осы ке­зеңіне дейінгі атқарылған істер­-
дің  жа­йын баяндады.

Жиында айтылған мәлімет­тер­ге сүйенсек, ауданның өнер­кәсіп өндірісінің көлемі 68 млрд. 580 миллион теңгені, ал ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6843,9 миллион теңгені құраған. Негізгі капиталдан тар­тылған инвестиция көлемі 26,6 млрд. теңгені құрап, өткен жыл­дың есептік кезеңімен салыс­тыр­ғанда 5,3 млрд. теңгеге өскен. Ауданда жалпы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Еңбек», «Бастау Бизнес», «Сыбаға» бағдарлама­лары арқылы 245 миллион теңге несиеге 374 бас аналық ірі қара, 132,8 миллион теңгеге 4427 бас қой сатылып алынған.

Аудан халқын баспанамен қам­ту мәлелесі де жақсы жолға қо­йылған. Биыл Калинин ауылын­дағы Мұнайшы шағынауданын­да бір қабатты 23 тұрғын үйдің құ­рылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталған үйлердің 19-ының негізгі құрылысы аяқталып, ішкі жұмыс­тары жасалуда.

Тұрғындардың өмір сүру жағ­дайын жақсарту мақсатындағы таза ауыз сумен, көгілдір отынмен қамту жұмыстары да аудан­да қарқын алуда. Соңғы бес жыл­дың ішінде Қаражар, Көшім, Щапов, Павлов, Ақжол ауылдарына таза ауыз су жеткізілген. Биыл Володар, Достық ауылдарының су құбырларын қайта жаңғырту, Трекин, Егіндібұлақ елді мекендеріне су құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Ал Поливный, Октябрь, Асан, Үлкен Шаған ауылда­рын таза ауыз сумен қамту мақ­сатында жобалық-сметалық құ­-
жаттары жасақталған. Аудан тұр­ғындарының 97,1%-ы немесе 68 елді мекеннің 50-і көгілдір отын­мен қамтылған. Қалған 18 елді ме­кенге газ тарту алдағы жоспарда. Аудан әкімі жолдар салу, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік сала, білім мен мәдениет сала­сындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы да айтып өтті.

Облыс әкімі аудан активі ал­дында жұмыс бағытымен және  алдағы жоспарлар туралы сөз қоз­ғады.

– Әр өңірде атқарылып жат­қан игі істердің барлығы да Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­­ғыш Пре­зиденті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықтың тұрмыс сапасын арттыру жөнін­дегі Жолдауы аясында жүзеге асырылып жатыр. Өздері­ңізге
белгілі, күні кеше ел Президентіалдында мемлекеттік бағдар­ла­ма­лардың қаншалықты облыс экономикасына оң ықпалын тигізіп жатқанын баяндадым. Елбасы қа­былдаған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламалары, Мемле­-
кет басшысы Қасым-Жомарт Ке­-мелұлының айтқан 10 басым­ды­ғы тұрғындардың өмір сүру са­пасын арттыруға тікелей бағыт­тал­ған, – деді Ғали Есқалиев.

Жергілікті жерде жасалып жат­қан істер де өңір басшысының назарынан тыс қалмады. Ол өз сөзінде облыстағы және Бәйте­рек ауданындағы көгілдір отын, таза су тарту, жол жөндеу, тұр­ғын үй салу секілді ауқымды іс­тердің  барысына  тоқталды.

– Әрине, аудандарда түйткіл­дер жетерлік. Шешімін табу қажет мәселелерді тұрғындармен кездесу барысында жиі естиміз. Кей жерлерде Кеңес заманында са­лынған ғимараттар мен басқа да құрылыстардың тозығы жетіп тұр­ғандығы бізге жақсы мәлім. Олар­ға күрделі жөндеу жүргізу немесе қайта салу көптеген қа­ражатты талап етеді. Сондықтан бі­рінші кезекте уақыт күттірмей­тін мәселелерді шешуіміз керек. Бұл жұмыстарда тек респуб­ли­калық немесе жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражатқа қарап отырмай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы арқылы да жүзеге асыруымыз керек. Ел Президентінің өңір басшылары­на қойған талаптарының ең бас­тысы – жаңа жұмыс орында­рын ашу болып отыр. Жасыратыны жоқ, аудан-ауылдардағы аға­йынның басым көпшілігі әкімдік, мектеп, аурухана, мәдениет пен спорт секілді бюджет саласында жұмыс жасайды. Ол жерлерге де мамандар қажет. Дегенмен біздің алдағы мақсатымыз – кә­сіпкерліктің өрісін кеңейте түсіп, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу. Болашақта аудан әкім­дерінің жұмыс жасау деңгейін кәсіпкерлік саласында ашылған жаңа жұмыс орындарының саны­на қарай бағалайтын боламын, – деді өңір басшысы.

Ол сонымен қатар аудан әкімдеріне атқарылған істерден есеп бергенде мемлекет қаражатына жасалған істерді бөлек, жеке ин­весторлардың құйған қаржысын бөлек есептеуді тапсырды. Екеуін бірге санап, құйылған инвестиция деп есептеу қате түсінік екендігін, сондай-ақ басқармалар да статистикалық деректер ұсын­ғанда олардың дұрыс есептелуі­не аса мән беруі керек екенді­гін баса айтты.

– Мемлекет басшысы мамыр айындағы өңірге сапары кезінде біздің облыста ауыл шаруашылығы саласының еңбек өнімділігі төмен екендігін айтқан болатын. Бұл көр­сеткіш бойынша біз он алтыншы орында екенбіз. Бізден кейін тек Жамбыл облысы тұр. Ауыл шаруашылығы саласынан түсетін кірістің облыстың әр тұрғыны­на шаққандағы үлесі 1,2 миллион теңгені құрайды екен. Ал көрші­лес Атырау, Маңғыстау өңірле­рін­-
­дегі бұл көрсеткіш 7-8 миллион теңгені құрайды. Бұл жердегі қа­телігіміз статистикалық есептеу­­де болып тұр. Мысалға, облыс­тық ауыл шаруашылығы басқар­масы ұсынған мәліметтер бойынша жылына 35-40 мың бас мал тірілей басқа аймақтарға жөнелтіледі екен. Ал көршілес облыстарға кет­кен біздің өнімдер көрсеткіш ретінде есепке алынбайды. Бір қарағанда майда нәрсе секілді көрінгенімен, статистикалық де­ректерге зор әсер етеді. Екінші­ден, бізде малды етке тапсырған­да әр бастың тірілей салмағы статистика бойынша 329 килограмм деп есептеледі екен. Ал соңғы он жылдағы қалыптасқан көрсеткіш­тің одан едәуір жоғары екендігі баршамызға аян. Бүгінде етке тапсырылатын малдың салмағы 370-380 келіден төмен болмайды. Бұл да болса көрсеткіштердің төмен­де­уіне әкеп соғады. Сондықтан ауыл және аудан әкімдеріне есеп­-
ті дұрыс тапсыруды жүктеймін. Біз қолда бар нәрселерімізді дұ­рыс көрсете білуіміз керек, – деді Ғали  Есқалиев.

Сондай-ақ өңір басшысы бизнес саласына қолайлы жағдай жа­­сау үшін барлық мүмкіндіктер бар екендігіне, алдағы уақытта кә­сібін ашқысы келетін жандарға несие ұйымдарымен бірлесіп, бірнеше жобаларды ұсыну керекті­гін жеткізді. Елімізде бұл бағыт­тағы мемлекеттік бағдарла­ма­лар­­дың көптігіне, тек соны тұрғын­дарға дұрыс жеткізе білуіміз қа­жеттігіне де тоқталды. Оның мә­лімдеуінше, 10-15 жылғы 4-6%-бен
берілетін несиені ұтымды пайда­ланып, қаражат көзін тауып, бизнес ашамын деген жандарды әр­қашан қолдап, оларға жағдай жасалуы тиіс.

– Жақында облыстың әлеу­меттік-экономикалық дамуының бес жылға арналған жоспарын жасақтадық. Оған барлық аудан мен қаладан ұсыныс-пікірлер жи­-
нақталды. Әрине, түскен өтініш көп. Олардың барлы­ғын бірден орындау үшін бес есе көп қаржы қажет болады. Мемлекеттен бөлінген қаражаттың кө­мегімен жасалатын ауқымды іс­тердің тиімділігін жан-жақты қа­рауымыз керек. Жоғарыда айтқа­­ным­­дай, мемлекеттік-жекемен­шік әріптестіктің жолдарын да қарас­тыруымыз керек, – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар ол халықпен жұмыс жасауда жаңа тетіктер ен­гізілетіндігін, алдағы уақытта саны бар да, сапасы жоқ пайдасыз басқосуларға жол берілмейтінді­-
гін айтып, әр ауданда өзінің қо­ғамдық өкілі болатындығын жеткізді.

– Заман талабына сай идео­логиялық-ақпараттық жұмыстар бойынша бағытымызды өзгертуі­міз қажет. Біріншіден, аудан әкім­дігіне саны көп түрлі мәдени, қоғамдық-саяси шараларды азай­туды тапсырамын. Науқаншыл­дық­қа берілуге болмайды. Басты мақсатымыз – шараның санында емес, оның мән-мағынасында, тұр­ғындарға берер пайдасында. Сондықтан да шаралардың ревизиясын жасауды тапсырамын. Бүгін аудан активімен жұмыс ба­рысында алғашқы кездесуім. Ал­­дағы уақытта мұндай басқосу­лар­да адам санын көбейту үшін мектептің, аурухана мен мәде­ниет үйлерінің қызметкерлерін қатыстыру міндетті емес. Ау­данауылдардың түйткілдері көтеріл­мейтін, ешқандай ұсыныс-пікір­лер айтылмайтын, түк пайдасы жоқ басқосулардан арылайық. Мұндай жиындарға жоғал­татын алтын уақытымызды ауыл-аймақты аралап, халықтың мұң-мұқ-
тажын білуге жұмсауға дағды­ланғанымыз жөн.

Өздеріңізбен кездесуге апта сайын немесе ай сайын келіп тұ­ра алмайтыным да жасырын емес. Осы орайда әр ауданда об­­лыс әкімінің қоғамдық өкілде­рін тағайындауды жөн көрдім. Ау­дан әкімімен қатар, қоғамдық өкіл­дер халықтық бақылаушылар ретінде менімен тікелей байла­ныста болады. Бәйтерек ауданын­дағы облыс әкімінің қоғамдық өкі­лі ретінде БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орын­басары, ассамблея хатшылығы­ның меңгеру­шісі Ғайса Хамидол­лаұлы Қапа­қов­ты ұсынамын жә­-
не де сіздер қолдайды деп есептеймін, – деді облыс әкімі.

Басқосуда сөз алған Бәйтерек аудандық қоғамдық кеңестің төр­ағасы Мәлік Өтешев, «Zas Project» жобасының жеңімпазы Райгүл Діл­мұханова өңірде атқарылған істерге ризашылықтарын білдіріп, облыс әкімінің еңбегіне жеміс тіледі.

Актив жиынынан соң өңір басшысы аудан тұрғындарын жеке мәселелер  бойынша  қабылдады.

Нұрбек    ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»