5.07.2019, 1:07
Қараулар: 328
Адам еңбегімен ардақты

Адам еңбегімен ардақты

Елімізде қарапайым еңбек  адамына  деген  құрмет  ерекше. Осы  бағытта  қаламыздағы Достық  үйінде  өңірімізге  танымал  азамат,  «дала  академигі» атанған  мал  шаруашылығының білгір  маманы,  еңбек  ардагері Есет  Ғабдуллиннің   80   жылдық мерейтойына  орай  шара ұйымдастырылды.  Шара барысында  оның  «Зымырап  жатқан заман-ай…»  кітабының  тұсауы кесілді.

Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Миржан Сатқанов, еңбек ардагерлері, ғалымдар, мемлекеттік құрылым басшыла­ры, қоғамдық ұйым өкілдері арнайы келіп қатысты.

– Құрметті Есет Қабдоллаұлы, сізді Жайық жұртшылығы атынан мерейлі 80 жасыңызбен құт­тықтаймын! Сіз қарапайым механизатор болып Орда өңірінде еңбек жолыңызды бастадыңыз. Уақытпен санаспай еңбек еттіңіз. Ферма меңгерушісі болдыңыз. Ал­ғашқылардың бірі болып шаруа қожалығын құрдыңыз. Барлық қызметте де жақсы табысқа қол жеткіздіңіз. Осынау еңбектеріңіз мемлекет тарапынан лайықты ба­-
ғаланды. Бүгінде ісіңізді балала­рыңыз жалғастыруда. Бұл да үл­кен бақыт, – деп жиынды ашқан Миржан Мұнайдарұлы мерейтой иесіне облыс әкімінің құттықтау хатын табыстады.

Есет ағамыз – Нарын құмының перзенті, Бөкей ордасының құр­метті азаматы. Соған орай шара барысында аталмыш аудан әкімі­нің де құттықтау хаты оқылып, естелік сыйлығы табысталды.

БҚО әкімі аппаратының «Қо­ғамдық келісім» КММ-ның басшысы Медхат Қамбетовтың айтуынша, облыстық ассамблея да елге еңбек сіңірген жандарды назар­дан тыс қалдырмай, оларға құрмет көрсету бағытында еңбектеніп келеді. Бүгінгі ұйымдастырып отыр­ған  шара  – соның  бір  дәлелі.

Содан соң өңірімізге танымал еңбек ардагерлері Әділғазы Нұрғалиев, Нұрлан Ізтілеуов, ға­лым Тілекжан Рысқалиев, ардагер-журналист Тихон Әліпқали сын­ды мерейгердің достары, әріп­тестері, інілері кешегі күннен ес­телік айтып, өз лебіздерін білдірді.

– Есет ағамыз – «Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ауыл шаруашылы­-
ғы қызметкері» атағын алған бө­кейлік екі азаматтың бірі. Аға­мыздың ісіне, мінезіне қарап, оны аңыз адам деп айтуға болады. «Нарында, соның ішінде Бөкей ордасында кімдерің бар?» дегенде ауыз толтырып, мақтанып айтуға болатын бірегей азамат ол. Есет ағамыз көп жыл Т. Масин атын­да­ғы кеңшардың Бөрілі бөлімшесі­-
не жетекшілік жасады. Аз уақыт Орда кеңшарында ферма меңге­-
рушісі болған кезімізде ол кісіге қарап бой түзедік, – деді ҚР АШМ АӨК меминспекциясы комитеті­нің БҚО аумақтық инспекциясы басшысы Лавр Хайретдинов.

Орал қаласындағы баспахана­лардың бірінен шыққан мерейтой иесінің «Зымырап жатқан за­­ман-ай…» кітабы өзінің жүріп өт­кен өмір жолы, өнеге алып, үлгі тұтқан аға-апалары, замандаста­ры, шаруашылық жайы, заман құ­былыстары  туралы  сыр  шерте­ді.

 

Сәкен   МҰРАТҰЛЫ,

«Орал   өңірі»