5.07.2019, 1:04
Қараулар: 103
Рәміздерге құрмет – елге құрмет

Рәміздерге құрмет – елге құрмет

Облыстағы  барлық  мемлекеттік  мекемеде  орнатылған Елтаңбадағы  «Қазақстан»  жазуы  «QAZAQSTAN»  латын қарпіне  ауыстырылуда.  Бұл  жұмыстарды   жыл  соңына дейін  аяқтау  жоспарланып  отыр.

Бұл жөнінде облыс әкім­дігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жө­ніндегі комиссияның отырысында айтылды. Облыс әкі­мінің орынбасары Ғабидолла Ос­панқұлов айтып өткендей, сәуір айында облысымызда мемлекеттік рәміздерді тексеру бойынша республикалық инспекциялық топ мониторинг жүргізген. Тексеріс барысында облыс орталығында­ғы мемлекеттік мекемелер, құқық қорғау құрылымдары мен бес аудан  қамтылған.

– Нәтижесінде өңірімізде мем­лекеттік рәміздермен жұмыс тия­нақты, жүйелі жолға қойылған деген баға берілді. Солай бола тұра анықталған аз-мұз кемшіліктер­-
дің 99 пайызы бүгінде ретке келтірілді. Қалған мәселелер бойынша жұмыстар жүруде. Жалпы мем­лекеттік рәміздерді орынды пайдалану, көпшілік арасында наси­-
хаттау жұмыстарын күшейту керек. Ол үшін ешқандай комиссия­ны күтпей-ақ, әр аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары  ғимараттарға орнатылған мемлекеттік рәміздердің жай-күйін қадағалап жүрулері қажет.  Әсіре­се, қатты желді, қо­лайсыз ауа ра­-
йынан кейін оларды назарға ал­ған жөн.  Өйткені жал­бырап, жыр­тылған, қолайсыз ілінген рәміз­дерді әлеуметтік же­лілерде жа­рия­лап, үлкен мәселе туындат­пас үшін кемшіліктерді тез арада жойып отырған абзал. Ал ескір­ген немесе бүлінген рәміздерді бас­қа біреулер аяқасты етуіне жол бермеу мақсатында оларды мін­дет­ті түрде комис­сия­ның қаты­суы­мен жойып отыру керек. Бұл – формализм емес, кері­сінше ма­ңызды да тиянақты жұ­мыс. Сондай-ақ  мерекелік шара­ларда Ән­ұранымызды шырқап, Туымызды желбіретіп, көпшілікке на­сихат­таған жөн. Бұл жұмыстарға ассам­блея да атсалысу керек. Жал­пы,
мемлекеттік рәміздерді насихат­тау жұмыстары тек 4 мау­сым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күні ғана емес, жылдың әр мезгілінде жүргізген дұрыс. Насихат жұмыстарын, әсіресе, жастар ара­сында кең қолға алу керек. Осылайша жас ұрпақтың санасын  мемлекеттілікке тәрбиелеуге үл­кен жол ашамыз, – деді Ғабидолла Абдоллаұлы. Сондай-ақ насихат
жұмыстарына әлеуметтік желі­лер мен бұқаралық ақпарат құрал­дарды да тарту қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде сөз алған облыс­тық ішкі саясат басқармасы бас­шысының орынбасары Дархан  Қадыралиев  мемлекеттік рәміз­дер­ді пайдалану, насихаттау жә­не қолдану жөніндегі өңірдегі жұ­мыстардың жай-күйі туралы баян­дады. Оның сөзінше, өңірімізде ҚР мемлекеттік рәміздерін заң­на­маға сәйкес пайдалануын, стан­дарттарға сай уақтылы ауыстыруын қамтамасыз ету және өске­лең ұрпақ арасында насихаттау бойынша тиісті жұмыстар жүргізі­лу­де. Жалпы, әрбір мемлекеттік мекемеде рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі комиссия болуға міндетті. Алайда мемле­кеттік рәміздерді тексеру бойын­-
ша республикалық инспекция­лық топ жүргізген мониторинг барысында облыстағы бірнеше ме­ке­ме­де аталмыш комиссия құрыл­мағаны анықталған. Олардың қа­та­рында Орал қаласының құры­лыс бөлімі, Сырым және Қаратө­бе аудандарындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­малар бөлімдері, Қаратөбе аудан­дық экономика және қаржы, сәу­лет, қала құрылысы және құры­лыс бөлімдері, сонымен қатар  Бөр­лі ауданының білім беру бөлімі бар. Сондай-ақ өңірдегі бір­қатар мекемеде бұйрықтарға дұ­-
рыс сілтеме жасалмаған, заң талаптарына сәйкес емес, мемлекеттік мекеменің бланкілерінде­гі Елтаңбаның бейнесі стандарт­қа сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған. Мониторинг барысында белгілі болған өзге де кемшіліктер инспекциялық бақылау барысында түзетілген. Мекемелерде түсіндіру жұмыстары жүр­гізіліп, жұмыс тәсілдерін жетіл­діре түсу үшін ұсыныстар да бе­рілген. Аталмыш комиссия отырысында мұндай олқылықтарға жол бермеу, алдын алу шаралары да айтылды. Мәселен, мемлекеттік мекемелер рәміздерді өздері сатып алар алдында оларды құзыр­лы құрылымға, яғни стандарттау және метрология басқармасы­на көрсетіп алғандары жөн. Осылайша олардың стандартқа сай не сәйкес еместігін анықтап алуға болады.

Комиссия отырысында, сондай-ақ Қаратөбе және Сырым ау­дандары  әкімдерінің орынба­сар­лары Жасұлан Сұлтан  мен  Аслан­бек Сарқұлов жергілікті жерде  мемлекеттік рәміздерді пайдала­ну, қолдану және насихаттау  жұ­мыстары  жөнінде  баяндады.

Ясипа   РАБАЕВА,

«Орал   өңірі»