5.07.2019, 1:02
Қараулар: 296
Жобаларға инвесторлардың қаржысын тартуға басымдық берілмек

Жобаларға инвесторлардың қаржысын тартуға басымдық берілмек

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өңірлерге жұмыс сапары сейсенбі күні Тасқала ауданында жалғасты. Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданда болған өңір басшысы алдымен «Taskala ET BKO» ЖШС өз қаражаты есебінен құрылысын жүргізіп жатқан бордақылау алаңымен танысты.

Жобалық құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын алаң аудан орталығына жа-
қын орналасқан Бірлік ауылы маңынан салынуда. Жылына 5100 бас мал бордақылайтын кешеннің құрылысы маусым айында басталған. Алдағы қараша айында
толық аяқталмақ. Құрылыс жұмыстарына 40 адам тартылған. Кешен іске қосылған күнде 50 адамды тұрақты жұмыспен қам-тымақ.

Аталған серіктестіктің жетекшісі Нұртай Жұмашевтың айтуынша, бордақылау алаңына бұқашық-тар жергілікті шаруалардан қабылданбақ. Сонымен қатар кәсіпкер өз шаруа қожалығында асыл тұқымды мал өсіреді. Асыл малдың аталығын көршілес қо-
жалықтарға жалға беріп, орнына бұқашықтар алуда. Бордақылау мерзімі төрт айдан алты айға дейін. Алғашқы ет өнімдерін ішкі нарықта саудаласа, болашақта экспорттауды да жоспарлауда. Кәсіп иесі бордақылау алаңының құрылысын жүргізуге 48 гектар,
қажетті жемшөп дайындауға 3000 гектар егістік, 400 гектар суармалы жерге тапсырыс берген. Сұ-ранысы аудан әкімдігі тарапы-нан қолдау тауып, құжаттары  жасақталуда.

– Бұл кәсіпорынды өз қаража-тымызға салып жатсақ та, мем-лекет тарапынан зор қолдау көріп отырмыз. Жер мәселесі де оң шешімін тапты. Суармалы егістік-ке арналған техникалар сатып алуды жоспарлап қойдық. Алған жағдайда да шыққан шығынның
50 пайызын мемлекет демеуқаржы есебінен қайтарады. Борда-қылау алаңына қабылданатын малдың тірілей салмағы 230-250 келі болса, оңалтылған соң 400 келіден жоғары болады деп жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпкер Нұртай Жұмашев.

Мұнан соң аудан әкімі Алдияр Халелов облыс әкіміне жыл сайын көктемгі тасқын кезінде су шайып кететін ауыл ішіндегі өт-келдерді көрсетті. Тасқала ауылы ішінен алты канал өтеді. Көктемде жыралар қар суына толып,  ағыс пайда болған кезде жаяу адамдар мен көліктер өткелдерін бұзып кетеді. Ал оларды жыл сайын қайта салу қыруар қаржы-
ны талап етеді.

Аудан әкімінің айтуынша, қажетті қаражат бөлінсе, биыл ауылішілік каналдардың арнасын тазартып, су өтетін жерлерге қолда бар сақиналар салуды жоспар-
лаған. Аталған жұмыстарды аудандағы кәсіпорындар өз күштерімен жасауға дайын. Бұл жұмыстар 50 миллион теңге қаражатты қажет етеді. Каналдарды көрген өңір басшысы алдағы күнде қара-жат жағын қарастыру керектігін айтты.

Облыс әкімінің сапары аудандық актив жиынына ұласты. Басқосуда аудан әкімі Алдияр Хале-лов Тасқаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

Алдияр Халелұлының сөзіне қарағанда, мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде 215 жаңа жұмыс орны ашылған. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 284 адам жолданып, 79 жан кәсіби дайындық курсынан өткен. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауданға 200 миллион теңге қаража бөлінген. Жеке кәсібін ашып, мал мен құс өсіруге ниетті 18 жеке тұлғаға  74 миллион теңге көлемінде несие берілген. Жаңа бизнес жобаларын жүзеге асырғысы келетін 38 адамға 14 миллион теңге көлемінде мемлекеттік гранттар бөлінсе, аудан бойынша грант алуға өтініш берген азаматтардың саны жүзге жеткен. Солардың 70%-ы – құс өсіруге ниет білдіргендер. Аудандағы шағын және орта бизнеспен айналысатындар-дың саны 974 бірлікке жеткен.

Аудан әкімі өз сөзінде мем-лекеттік бағдарламалардың нәти-жесінде қолға алынған таза ауыз су, газ, жол салу секілді маңызды істердің  орындалуына  тоқталды.

2015 жылы «Нұрлы жол» мем-лекеттік бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар 104 км «Орал – Тасқала – РФ шека-расы» аутокөлік жолына қайта құру жұмыстары жүргізілді. Биыл облыстық маңызы бар «Тасқала – Аққурай» аутокөлік жолына және
аудандық маңызы бар 2-Шежін ауылына кіреберіс аутожолға орташа жөндеу жұмыстарына қа-ражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталып, көшпелі тәсілмен 2020 жылы аяқтау жоспарланып отыр. 2015-2018 жылдар аралы-ғында жалпы ұзындығы 11 км бо-латын аудан орталығы Тасқала ауылының ауылішілік аутокөлік жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Сондай-ақ биыл аудандағы Қ. Сәтбаев  атындағы және С. Жақсығұлов атын-дағы білім беру нысандарын 246,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жоспарлануда. Аудан бойынша бұқаралық спортты да-
мыту мақсатында 2016-2018 жыл-дары аралығында 97,5 млн. теңге қаражатқа 6 ауылдық округте спорттық тренажерлар, 9 ауыл-дық округте футбол алаңдары, 3 ауылдық округте хоккей алаңы және бір ауылда көше тренажерлары орнатылған.

Өткен жылы жеті пәтерлі бір жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілсе, биыл көшпелі тәсілмен салынып жатқан үш қабатты 36 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысын қазан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

Бүгінгі күнге аудан бойынша 28 елді мекеннің 14-і немесе аудан тұрғындарының  92%-ы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен, 17 елді мекен табиғи газбен қамтылған. Биыл екі елді мекеннің және Тасқала ауылының кейбір көшелерінің су құбырларына қайта құру жұмыстары жүргізілмек.

Аудан активі алдында сөз алған өңір басшысы Елбасы қабыл-даған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары, «Бес әлеуметтік бастама», Мемлекет басшысы
Қ. Тоқаевтың 10 басымдығы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға арналған бағдарламалардың облыста орындалу бары-сына  тоқталды.

– Біз жақында облыстың алдағы бес жылға даму жоспарын жасақтаған едік. Аудан-ауылдардан келіп түскен ұсыныс-пікірлерді бірден орындау көп қаражатты қажет етеді. Сондықтан аудан әкіміне сіздің өңірдегі өзекті мәселелерді қайта саралап, уақыт күт-
тірмейтін, бірінші кезекте жасалуы қажет түйткілдерді анықтауды тапсырамын. Сонымен қатар атқарылатын жұмыстарды тек мемлекеттің қаражатынан емес, жеке инвесторлардың күшімен жасалуына басымдық беруіміз керек, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысының жиында келтірген мәліметтеріне сүйенсек, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы қабылданған 2011 жылдан бері Тасқала  ауданында жалпы құны 435,7 млн. теңге болатын 194 жоба қаржы-ландырылып, 1020 жаңа жұмыс орны құрылған. Өткен жылы жал-пы құны 253,0 млн. теңге болатын 62 жоба мақұлданған. Шағын және орта бизнес үшін ауданда 2012-2019 жылдың есепті мерзіміне 274 адамға 759 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген.

– Агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға Мемлекет басшысы ерекше көңіл бөліп отыр. Бұрын біз  ТМД елдерінің аумағына ет экспорттап келсек, былтырдан бас-
тап Иран мен Қытай сияқты тұтынушысы көп ірі нарықтарға шыға бастадық. Нәтижесінде ет экспорты 35% өсіп, 3 мың тоннадан асты. Айта кетейік, Қазта-лов ауданында қостанайлық кәсіпкер 20 мың басқа есептелген бордақылау алаңын салып жа-
тыр. Олар неге біздің өңірді таңдады? Айтуларынша, біздің аймақтағы малдың сапасы жоға-ры екен. Сондықтан осындай мүмкіндіктерімізді пайдаланып, кәсіп ашып, мал басын көбейтіп, инвесторлардың келуіне барлық жағдайды жасауымыз керек. Ал-
дағы уақытта жергілікті әкімдер-дің жұмысы инвестиция тарту, сол арқылы жаңа жұмыс орын-дарын ашу көрсеткішімен бағаланатынын басқа аудандарда болған кездесулерде айтқан болатынмын.

Елбасының ирригациялық құрылымдарды қалпына келтіру туралы тапсырмасына сәйкес, өңірімізде сегіз негізгі нысан жөн-делген. Нәтижесінде 40 мың гек-тар лиманды суармалы жер, 4,2 мың гектар тұрақты суармалы жер сумен қамтылды. Облыста же-
ке инвесторлардың есебінен агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өңдейтін төрт жаңа кәсіпорын іске қосылды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан 1 млн. гектар
жер мемлекет меншігіне қайта-рылды. Қолынан іс келетін азаматтарға онлайн аукцион арқылы жерді қайта табыстау жұмысы да қолға алынуда, – деді Ғали Есқалиев.

Сонымен қатар өңір басшысы аудан әкімдігіне саны көп түрлі мәдени, қоғамдық-саяси шара-ларды азайтып, науқаншылдыққа берілмеуді тапсырды. Ал Тасқала ауданындағы өзінің қоғамдық өкілі ретінде еңбек ардагері Әлібек Сыдықовты актив жиынына қатысушыларға  таныстырды.

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,
«Орал   өңірі»