5.07.2019, 1:00
Қараулар: 341
«Күре жолдың бойында халыққа қызмет көрсетілуі керек»

«Күре жолдың бойында халыққа қызмет көрсетілуі керек»

Қазталов  ауданына  қарасты  Жалпақтал  ауылында ауылішілік  жолдарды  күрделі  жөндеу  жұмыстары жүргізілуде.  Сәрсенбі күні  Қазталов  ауданына  жұмыс  сапарымен  барған  өңір  басшысы Ғали  Есқалиев  ауданда  атқарылып жатқан  істердің  барысымен  танысып,  шешімін  таппай  тұрған бірқатар  мәселелердің  жай-күйіне  қанықты.

Айта кетейік, биыл атал­ған ауылдағы көше жолдарын жөндеуге 311 миллион теңге қа­-
ражат бөлінген. Жоба бойынша қаралған қаржыға жалпы ұзын­ды­ғы 2,6 шақырымды құрайтын төрт көшеге тасжол төселіп,  екі шақырымға жаяу жүргінші жолы  салынбақ. «Ануш-құрылыс» ЖШС мердігер компаниясы аталған құ­рылысты мамыр айында бастаған. Жауапты кәсіпорынның басшысы Оганес Минасянның айтуынша, жол құрылысы кестеге сай жүргізілуде.

– Көше жолдарының ені – ал­­ты метр, асфальт-бетон қабаты­ның қалыңдығы – 6-7 сантиметр.
Қажетті шикізат пен техника жет­кілікті. Өз мамандарымызбен қа­тар жергілікті тұр­ғын­дарды да жұ­мысқа алдық. Дәл осындай қар­қынмен жұмыс жа­са­сақ, жол құ­ры­лысын мерзімі­нен бұрын аяқ­тай­мыз, – дейді мердігер компания басшысы.

Жалпақтал ауылындағы орта­лық саябағында болған облыс әкі­мі Тұңғыш Президентіміздің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ая­сында ауыл түлектері атқарған
игі істермен де танысты. Бұл ау­данда «Туған жер» бағдарлама­сы аясында 2017 жылы құны 33 млн. 530 мың теңге болатын 17 жоба, 2018 жылы жалпы құны 90 млн. теңге болатын 43 жоба іске асырылса, 2019 жылдың мамыр айында әр жылғы мектеп түлектері­нің бастамасымен құны 28 млн. 680 мың теңге қаражатқа 28 жо­ба жүзеге асырылған. Тек биылдың өзінде жалпақталдық түлектер 16 млн. 500 мың теңгеге төрт жо­баны туған ауылдарына тарту етті.

Өңір басшысы аталған ауылда жуырда ашылған «Жастар» коворкинг орталығының жұмысымен де танысып, ауданның белсенді жастарымен тілдесті. Биылғы Жастар жылына орай ашылған нысанда жастардың өз уақыттарын тиімді өткізуге зор мүмкіндіктер жасалған. Кездесу барысында ау­дандық жастармен жұмыс жөнін­дегі ресурстық орталық директоры Ерхат Бекмулдин аудандағы жастар саясаты туралы баяндаса, «Zhas Project» жобасының же­ңімпаз жастары өз жоспарларымен таныстырды.

Мұнан соң облыс басшысы Қараөзен бойында орналасқан, күр­делі жөндеуді қажет ететін Гүрілдеуік бөгетінде болды. Бұл жерде болашақта салынуы жос­парланған «Жалпақтал» су қой­масының жобасы таныстырылды. Аталған гидронысан салынып, іс­ке қосылған күнде осы жерден 28 миллион текше метр су қорын сақтауға мүмкіндік туады.

Жаңажол ауылдық округінде орналасқан «Ақкөл» балалар демалыс лагерінде болған облыс әкімі демалыстарын көңілді өткі­зіп жатырған оқушылармен жүз­­десті. Лагерьде 36 оқушы дема­луда. Мұнда олардың шығар­ма­шылықпен шұ­ғыл­данып, спорт­тық қабілеттерін дамытуларына барлық  жағдай  жасалған.

Лагерь Сакрыл көлі маңын­да орналасқан. Сонау Ұлы Отан со­ғысы кезіндегі қиыншылықты жер­гілікті халық осы көлдің балы­ғын тұтынып, қамысын отынға пай­­­да­ланған. Күні кешегі тоқырау заманында да бұл көл тұрғын­дар­­дың жалғыз табыс көзі бол­ған еді. Кеңес заманында атал­ған көлдің сыйымдылығы 96 миллион текше метр болса, бүгінде көл суы 40%-ға дейін төменде­ген. Су қоры тікелей Ресейге тә­уел­ді болып келген көлге мол су­дың қоры соңғы рет 1994 жылы түскен. Алып көлдің жағасында болған өңір басшысына аталған мәселе жан-жақты түсіндіріліп, Сакрыл суландыру жүйесін қай­та жаңғырту жобасы танысты­рыл­ды. Көл жағасындағы кезде­су­де ауыл тұрғындары бұл жер­ден суландыру желісі салынса, көл­дің суы жаңарып, балық пен құс­тың өсіп-өнуіне жақсы жағдай туатын­дығын, сол арқылы ту­ризм саласын дамытуға болатынды­ғын айтты.

– Жалпы аймақта судың тап­­шы екендігін жақсы білемін. Өзен-көлдердің тартылуы жергі­лікті халықтың тұрмыс деңгейі­не тіке­лей әсер етері сөзсіз. Жаңағы айтылған Гүрілдеуік бөгетін са­лу, біз тұрған көлге су жеткі­зу жайын алдағы уақытта қарас­ты­ратын боламыз, – деді облыс әкімі.

Түс ауа аудан орталығына бет алған өңір басшысы жол бойын­дағы шаруашылыққа ат басын бұ­рып, «Алға» шаруа қожалығы­ның жетекшісі Айсұлтан Сағын­ға­лимен
және «Мүсі­лім» шаруа қожалығы­­ның жетек­шісі Махамбет Тай­ға­­ринмен тіл­десті. Қысқы мал азы­­ғын дайындап жатқан қос шаруа биыл су жа­ңа заманауи шөп мая­-
лағыш алған. Қос шаруашылық­тағы мал­дың өсімі көңілге қонар­­лық. «Шөптің шығымы жылдағы­дай бол­­­­маса да, барымызша азық дайындау­дамыз. Шешімін таппай
тұр­­ған мәселе шабын­дықтары­мызға су шығару болып тұр. Са­рыөзен бойынан қақпалар са­­лып, Қазта­лов 1, Қазталов 2 су қой­малары арқылы суландыру іс­ке асса, мал азығын молынан да­­йындауға жағдай туар еді», – дей­­ді  шаруалар.

Аудан орталығында болған өңір басшысы салынып жатырған 12 пәтерлік тұрғын үйдің құрылы­сын көрді. Қос қабаттан тұра­тын бұл тұрғын үй құрылысына 122 млн. теңге қаражат бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «БатысКотлоМонтаж» ЖШС жүргізуде.

Мұнан кейін облыс әкімі аудан орталығындағы апатты деп та­нылған Алма Оразбаева атындағы орта мектепке барды. Ғимарат­ты көріп, мектеп ұжымымен кездескен өңір басшысы 600 орын­дық жаңа мектептің жобасымен танысты.

Облыс әкімінің қатысуымен болған аудан активінде жарты жылда атқарылған жұмыстар са­раланып, алдағы жоспарлар пы­сықталды. Жыл басынан ауданға 3 млрд. 319 миллион теңге инвестиция тартылған. Шағын жә­не орта бизнес 321 млн. теңгеге өнім
өндіріп, қызмет көрсеткен. Ау­дан­ның салықтық базасын кеңей­тудің жан-жақты жолдары да қа­растырылуда.

Атқарылған істерді баяндаған аудан әкімі жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ба­ғытталған бірқатар істерге тоқ­талып, алдағы жоспарлар тура­лы айтып өтті.

– Жаңа ғана аталып өтілген игі істердің барлығы – мемлекет тара­пынан қолға алынып жатқан бас­тамалар. Елбасы қабылдаған «Нұр­лы жол», «Нұрлы жер» бағ­дар­-
ламалары, «Бес әлеуметтік бастама»,  Мемлекет басшысы Қ. То­қаевтың 10 басымдығы тұрғын­дардың өмір сүру сапасын арт­тыруға тікелей бағытталған. Осы қызметке тағайындалғаннан соң Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауын­да болдым. Сол кездесу барысында үш негізгі бағыт сөз болды. Ең бірінші әрі басты басымдылық – облыс көлемінде жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл бағытта біз кәсіпкерлікті дамытып, инвестор­лар тартуымыз керек. Сонымен қатар өңір­де жөн­деуді қажет ете­тін тозығы жет­­кен ғимарат көп­теп кездесе­ді. Алдағы уақытта соларды жөндеуден өткізуді не­месе жаңа­дан салуды тек мем­лекет қар­жы­сы есебінен жү­зе­ге асырып қоймай, инвесторлар тартуымыз керек. Бүгінгі таңда облыс орта­лығынан жеке инвес­торлардың қаражатымен мектеп­тер салу жағын да қарастыруда­мыз. Егер осы­ны кәсіпкерлер қол­ға алса, құры­лыс шығындарының 65-70 пайызын мемлекет қайтарып беретін болады. Біз мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны барынша үнем­деп, кірістің басқа да көздерін қарастыруымыз керек, – деді Ға­ли Есқалиев.

Облыс әкімі сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша жағ­дай жасау керектігін айтты. Аудан-ауылдардан шағын индус­триалды аймақтар мен бизнес инкубаторлар ашуды да тапсырды.

– Көп ұзамай сіздің ауданның үстімен қатынайтын күре жол іс­ке қосылады. Сол жол­дың бо­йынан халыққа қызмет көр­сете­тін нысандар ашуды қолға алуымыз керек. Оңтүстік облыс­тарға бара қалсаңыздар, әр 25-50 шақырым сайын қызмет көрсету орындары салынған. Көлік легі көп жерлерден кәсіпкерге де жақсы табыс түсері анық. Біздің облыс­тан бір жыл ішінде 500 мың жүк көлі­гі өтеді. Сіздің аудан жолынан да көлік көптеп қатынай­тын болады. Сондықтан қазірден бастап жоспарлап, кәсіпкерлер­мен келісім жүргізу керек, – деді өңір басшысы.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі аудан тұрғындарына өзі­нің қоғамдық өкілдері Каримолла Жақыпов пен Айдар Батырхановты  таныстырды.

Актив жиынынан соң өңір басшысы аудан тұрғындарын жеке мәселелері  бойынша  қабылдады.

Нұрбек    ОРАЗАЕВ,
«Орал   өңірі»