5.07.2019, 0:55
Қараулар: 243
«Тарихқа аты мәлім Қаратөбе»

«Тарихқа аты мәлім Қаратөбе»

Қаратөбе ауданында «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция ұйымдастырылды.

Рухани жаңғыру» бағдарла-масын жүзеге асыру, сондай-ақ «Мұхит жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 15 жыл толуына орайластырылған шараны ұйымдастыруға аудан әкімдігі және аудан-дық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мұрындық болды.

Үш жүзден ән оздырған Мұхит елінде қолға алынған шара Қаратөбе өңірінің төл перзенті, әдебиеттанушы-ғалым, академик, Мұхит баба тарихын зерттеуге сүбелі үлес
қосқан жазушы Қажым Жұмалиевтің аудан орталығында орналасқан ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды.

Мұнан кейін аудан әкімі Жанат Асантаев алыс-жақыннан жиылған меймандарға ілтипат білдіріп, экспедиция мүшелеріне сәттілік тіледі.

– Қазақта «өткенін білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген қағидалы сөз бар. Осы мақсат-та туған жерімізді, Қаратөбе же-рінің киелі орындарын байтақ елі-
мізге паш еткіміз келіп отыр. Өңір-лік қасиетті жерлер құрамына біздің Қаратөбе өңірінен тоғыз нысан кірген болатын. Оның сыртында да тарихи жеріміз өте көп. Екі күндік экспедиция барысында осындай жерлермен жүріп өтеміз, –
деді аталмыш сапарға аттанар алдында шараның мән-маңызына тоқталған Қаратөбе ауданы әкімі-нің орынбасары Жасұлан Сұлтан.

Экспедиция құрамында Шымкент қаласынан және өңіріміздің әр түкпірінен жиылған жастар мен белгілі өлкетанушылар болды. Олар екі күннің ішінде аты аңызға айналған тарихи тұлғалар, өнер адамдары, батырлар мен ишан, қазіреттердің кесенелері мен зияраттарына, сондай-ақ табиғи көрікті мекендерге аялдап, жергілікті жердің тарихымен тереңірек танысты. Атап айтқанда, экспедиция мүшелері сапардың алғашқы күнінде Аққозы ауылдық округінде орналасқан Ұзақ күйші, Саралжын ауылдық округіндегі Мұхит баба кесенелерінде, сондай-ақ Боғда күйші, Түркебай қорымы, Төлен елді мекеніндегі Шеруен ишан қорымы, Жұмыр-Сасық кесенесінде және Ақсуат қорымындағы Құли ата зияратында болды. Ал экспедицияның келесі күнінде Қаракөл ауылдық округінде орналасқан Едіге ишан зияраты, Жусандыой ауылдық округіндегі Қаратау би кесенесі, Ханкөл елді мекеніндегі Қоске әулие қорымы, Жігерлен елді мекеніндегі Дәуқара батыр зияраты, Егіндікөл ауылдық округіндегі бұлақ, Аққұм қорығы, Құныскерей үңгірінде болған экспедиция мүшелері аталған тарихи орындар туралы жан-жақты мағлұмат алды.

Қаратөбеде өткен осынау экспедиция облыс аудандары бойынша алғаш рет жүзеге асырылға-нын айта кету керек.

 

Нұржан  ТӨЛЕПОВ,

Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің меңгерушісі:

– Экспедицияға қатысқаным үшін қуаныштымын. Жастар жылында қолға алынған осынау шара аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарының
бастан-аяқ бірге жүруімен, мә-дениет саласы қызметкерлерінің қолдауымен өте үйлесімді әрі сәтті өтті. Экспедицияны ұйымдас-тыруға тиянақты әзірлік болғаны байқалып тұрды. Елімізде тарихи орындарды аралау кезінде кездесетін, кенжелеп қалған мәселе –
инфрақұрылым. Осы мәселе бұл жолғы экспедицияда жан-жақты ойластырылып, барлық ауылдық округте бір үлгідегі киіз үй сатып алып берген. Бұл инфрақұры-лымға сұраныстың 80-90 пайызын шешіп берді деп есептеуге болады. Осының арқасында екі күннің ішінде шаршамай-шалдықпай, аудандағы ең ірі деген тарихи орын-дардың басым бөлігін аралап, тағзым етіп, атақты тұлғалардың өмірбаянымен, тағдырымен та-ныстық.

 

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,

ғылыми зерттеулерді қолдау қорының директоры, тарихшы:

– Жалпы әрбір экспедиция мү-шесінің алдында «бұл сапарға не үшін шығамын?» деген сауал тұруы тиіс. Менің мақсатым – туристік маршрутты даярлау бол-
ды. «Қаратөбе ауданында қандай тарихи-табиғи нысандар бар және соның қайсысын біз туристерге ұсына аламыз?» деген секілді сауалдарға жауап табуға тырыстым.
Жүріп өткен жерлердің арақашықтығын, әрбір ескерткішке, нысанға сипаттама жазу сияқты жұмыс-тарды мүмкіндігімше атқарып отырдым. Өйткені қазіргі таңда елімізде ішкі туризм тақырыбын-да көптеген әңгіме айтылады, бірақ нақты қолға алынған шара-
лар аз. Бұл тақырыптағы мәселе-лерді дөңгелек үстелде талқылай бергеннен нәтиже болмайды. Қол-ға алып, жүзеге асыру керек. Қазіргі таңда ішкі туризм бойынша бір
жобаны қолға алдым. Теректі, Тасқала, Ақжайық, Шыңғырлау аудандарына экскурсия ұйымдастыр-дым. Саяхаттаушыларды сенбі күн-дері Орал қаласынан алып шығып жүрмін. Бүгінгі экспедицияның нәтижесінде мен үшін туристерді апаратын тағы бір нысан пайда болды. Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл және оған іргелес орналасқан Шыңғырлау ауданына қарайтын Сегізсай ауылының табиғаты мен тарихи орындарынан керемет бір экскурсияның тақырыбы туындап тұр. Енді сая-хаттаушыларды осы жерлерге алып келемін деген ойдамын.

 

Нұртас  Набиоллаұлы