5.07.2019, 0:52
Қараулар: 78
Ел дамуына серпін берген елорда

Ел дамуына серпін берген елорда

Қазақстанның географиялық орталығында, Еуразия кеңістігінің Сарыарқадай Ұлы дала төсінде ғасырлар бойы бодандықтың батпан езгісінен бауырын жаза алмаған ежелгі ескі қала саз балшықтан арылып, қайта түлеп, ажары ашылып, құлашын еркін сермеп, ұлттың жаңа дәуірінің келбетін көрсетіп, жаңа өріске көсілді.

Жас ұрпаққа мемле-кетіміздің кешегісі мен бүгінін айтып жеткізу – аға ұрпақтың міндеті. Оның қажеттілігі жай әңгіме айтуда емес, жас ұрпақ бүгінгі игіліктерді көріп, соның ауа-нында өмір сүріп, үнемі осылай болған екен, алдағы уа-қытта да бола береді екен де-ген жалған, алдамшы ұғымның әсерінде шектеліп қал-мауы керек.

Тарих сабақтары дегеніміз – кәдімгі білім, тарихи зерде, ұлттық сана. Ұлттық санамыз мық-ты әрі сапалы болғанда ғана қамсыз болмаймыз. Өткен мен бүгін, бүгін мен болашақ ара-қатынасын, ерекшеліктерін екшелей отырып, береке, жақсылық қалай келгенін, ал мына заманда қауіп қайдан, неден боларын да болжай аламыз.

Тәуелсіздігімізге дейінгі дәуірде «ұр да жықтың» небірін көргеніміз мәлім. Дәстү-рімізге, тілімізге одақтық ресми билік тарапынан шектеу де, қысым да болды. Бүгінде әрине, жағдай басқа. Өз тағдырымыз өз қолымызда. Сарыарқа төсіндегі жаңа елорда бұрын «мың өліп, мың тірілген» қазақтың азаттығы ақжолтай болуы үшін, тағдыры-мыздың жарқын болуы үшін көтерілді.

Астана тақырыбы құрылыс нысанын тұрғызу, сәулет өнерінің жаңа үлгісін қалыптас-
тыру ғана емес, жаңа рухани сана, жаңа дүниетаным, ұлттың жаңа сапалық деңгейімен, дәрежесімен көрікті де маңызды болары хақ.

Отанымыздың төрін Алматыдан жаңа қонысқа көшіргендегі тағы бір мақсат – жаңа мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырып, халыққа қызмет ететін орындарды мейлінше бюрократтық әдіс-тәсілдерден арылту. Мемлекеттік қызметкерлердің жас буыны бірінші кезекке адалдықты, тазалықты, әділдікті, заңға бағынушылықты, ұлттық бірлікті  шығаруы  тиіс.

Бір мысал ретінде бұрынғы Ақмола облысы мен облыс орталығы болған Ақмола (Целиноград) қаласын алсаңыз да жеткілікті. Біз тәуелсіздік алған жылдары Ақмола облысында қазақтардың саны жиырма бір-ақ пайыз, ал Ақмола қаласында жеті-ақ пайыз болғаны елге әйгілі. Бүгінде бұл биік деңгейге көтерілді. Міне, өсу-өркендеу деген сол.
Қандай да елдің өсуі, өркендеуі, оның тіршілікке, еңбекке қабілеттілігі, әрине, демографиялық ахуалға байланысты.

Елорда өз шаңырағын Орталық Қазақстанда көтеруі арқылы жаңа құрылыс алаңы ашылып, бұрынғы кәсіпорындар жаңа технологиялық жобамен жабдықталып, қайта түледі. Заман талабына сай бұрын бұл өңірде болмаған жаңа кәсіпорындар іске қосылды. Жаңа қалаға жаңа адамдар келіп, әлеуметтік нысандар, медициналық орталықтар, орта мектептер, жоғарғы оқу орындары, театрлар, сарайлар, спорт кешендері, бір-біріне ұқсамайтын тұрғын үйлер салынды. Мыңдаған жұмыс орны ашылып, жастар жаңа кә-
сіптерге оқып, білім алып, еңбекке араласты. Бұрын жалғыз қазақ мектебі бол-
ған қалада қазір отыздан астам білім ұясы ашылып, жылдан-жылға мектеп табалдыры-ғын аттайтын жеткіншектер саны еселеп өсіп келеді. Ендігі жерде бүгінге дейін ашылған мектептер жетіспей, жаңа мектеп жобалары қолға алынып, құрылыс-тары қарқын алды. Әрине, шүкіршілік, қуанарлық жайлар. Қалада жаңа астаналық көңіл күй, жаңа
келбет, жаңа мәдениет қалыптасып келеді.

Жаңа шаһар бүкіл ел экономи-касына серпінді күш берді. Облыс орталықтары бұрын-соңды болмаған серпінмен жаңа сипат, жаңа сәулет өнерлерін тоғысты-рып, жұртшылықтың мақтанышына айналды.

Бұл әрине, алдымен қалың қазақтың қамы, бабалардан қалған  қасиетті  мұра – жердің  қамы.

Осының бәрінің қадірін, баға-сын білуіміз керек.

Бақтығали   ҚОСПАЕВ,

журналистика   ардагері,

Ақжайық   ауданы