5.07.2019, 0:50
Қараулар: 95
Нұр-Сұлтан – армандар қаласы

Нұр-Сұлтан – армандар қаласы

Көркіне көз тоятын келбетті шаһарды көруге бәрі де асық.  Сарыарқа төсіне орныққан астананың басты авторы Елбасының өзі екені сөзсіз.

«EXPO – 2017» халықаралық ма-мандандырылған көрмесі өткен кезде Нұр-Сұлтанға жолымыз түс-кені жайында сөз қозғамақпыз. Өйткені өмірімде осы тарихи оқи-
ға ең қымбат естелік болып қала-тыны кәміл. «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өткен халықаралық көрме EXPO тарихындағы ең экологиялық таза көрме болып есептелінді. Сол кезеңде қалаға 2 мил-лиондай турист ағылды, көрме кешені бойынша 5 миллионнан астам көрермен тіркелді. Көрмеге әлемнің 115 мемлекетінің және 22 халықаралық ұйымның деле-гациясы қатысты. Елбасы 90 күн бойына жаңа идеялар қалашығы болған «EXPO – 2017» көрмесінің еліміздің экономикалық дамуына айрықша ықпал еткенін мәлімде-ген еді. Сол кезде шағын және орта бизнестегі 1400 кәсіпорын 640 млрд. теңгенің тауары мен қызметіне тапсырыс алған.

Қазақстанда жаңартылған энер-гия көздерін дамытуға мүмкіндік зор. Күн энергетикасын пайдалану жылына 2,5 млрд. киловатт сағатты құрайды. Қазақстанның гидро-әлеуетін пайдалануға қатысты техникалық мүмкіндігі 62 млрд. кВт
сағат екен. ҚР Энергетика ми-нистрлігінің мәліметінше, 2014 жылы елімізде қуаты 177 МВт болатын 35 ЖЭК нысаны болса, бүгінде жалпы қуаты 679 МВт бо-
латын жаңартылатын энергия көз-дерінің 74 нысаны жұмыс істей-ді. Электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3%-ға, 2025 жылға қарай 6%-ға, 2030 жылға қарай 10%-ға дейін артпақ. Мұндай көрсеткішті алға қоюға «EXPO – 2017» көрмесі серпін бергені анық.

Нұр-Сұлтан шаһарында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында түрлі инновациялық жобалар назарға ұсынылды. Атап өткені-міздей, «Астана ЭКСПО – 2017» ҰК көрме кешені нысандарын аралауға мүмкіндік болды. Әсі-ресе, Нұр Әлем павильоны айрық-
ша есте қалды. Диаметрі 80 метр алып шардың ішінде күн, жел, мұхит және термалды су тәрізді баламалы энергия көздері көрсе-тілген қабаттар жасақталған. Әр қабатқа көтерілген сайын алуан 3D көріністер, экрандағы анимациялық бейнелер мүлдем бөлек әлемге енгендей әсер қалдырды. Судағы жап-жасыл балдырдан қуат өндіріп отырған елдер бар екенін естігенде таңғалғаным есімде. Сөз жоқ, Нұр Әлем павильоны оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге дайын платфор-ма екені қуантты. Тақырыптық павильондардан дамыған елдердің баламалы энергия көздерін пайдалануымен танысып, жаңа технологиялары жайында ақпа-ратқа қанығуға мүмкіндік алдық. Әсіресе, Жапон елі тұсаукесер шарасында сутегімен жүретін көліктерді шығаруға ден қойғаны сүйсіндірді. Көрме кешенін аралай жүріп, көптеген елдің мәдениетімен танысуға мүмкіндік бол-
ды. Мысалы, Индиядан жеткізілген тауарлар саттыққа шығарылды.

2017 жылы EXPO ауқымында бас қалада Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының мәдени күндері өтті. Көрме кешені павильонында өңірдегі инновация-лық жобалар таныстырылып, отандық және шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізілді. Осы тарихи сәттің куәгері бол-дық. Елордамыз жылдан-жылға көркеюде. Былтыр астананың 20 жылдық мерейтойына байланысты тұғырымен қоса алғанда биіктігі 6 метрден асатын батыр қыз М. Мәметованың ескерткіші қойылды, тынымбақ ашылды. Көршілес Атырау өңірі әсем көпір салып берді. Ойымызды түйіндесек, Нұр-Сұлтанды көру – әр қа-зақстандыққа арман. Қаланың ғажайып архитектурасы, Есілдің сал-
танатты екі қанаты елорданың көркін ашып тұр. Елбасы жаңа бас қаланың орнын Ақмола облысы-на белгілеген уақытта көпшілік наразы болғандай көрінді. Бірақ
20 жылдық белестен соң, стра-тегиялық шешімнің ұтымды бол-ғанын дәлелдеді. Солтүстік өңірде еліміздің жүрегі секілді болып, тынымсыз бүлкілдеп жатыр. Абы-рой-беделің шарықтай түссін, кө-рікті қала!

 

Нұртай  АЛТАЙҰЛЫ,

«Орал  өңірі»