2.07.2019, 0:49
Қараулар: 409
297 пәтерге өтініш қабылдануда

297 пәтерге өтініш қабылдануда

Орал қаласындағы Зашаған кентіне қарасты жаңа шағынауданда (Орал – Саратов күре жолы бойында) «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үш тұрғын үйдің құрылысы алдағы қазан айында аяқталады. Қазір осы үйлерге «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ-ның салымшыларынан өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның БҚО филиалының директоры Диас Рахымханның айтуынша, бұл тұр-ғын үйлердің бір шаршы метрінің құны 140 мың теңгені құрайды. Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы – тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі арқылы тиімді шарт-тармен баспанасы жоқ адамдарға үйлі болудың ең ыңғайлы жолы. Бағдарламаға қатысып, қалай үй
алуға болады десек, алдымен өтініш беруші, соның ішінде әкімдікте үй кезегінде тұрған азамат-тар аталмыш банкпен тұрғын үй құрылыс жинағы жөнінде келісімшарт жасауы тиіс. Жаңа үйде-
гі пәтерді сатып алу үшін салымшының шотында 20% шамасында ең төменгі бастапқы жар-
насы болса жеткілікті. Сонда өтініш беруші бес пайыз жеңілдетілген мөлшерлемемен несиелік қарыз ала алады. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша үй алуға үміткер тұрғын үйді сол өзі тұратын, тіркелген қаласынан не  елді  мекенінен  алады.

– Жыл соңына дейін өз салымшыларымызға таза әрленген 1100 пәтерді ұсынбақпыз. Қазіргі уа-қытта Зашаған кентіндегі 297 пәтерге шілденің 23-іне дейін өтініштер қабылдануда. Жіктеп айтар болсақ, бір бөлмелі пәтер саны – 180, екі бөлмелі пәтер саны – 117. Бұл үйлерде үш бөлмелі пәтерлер қарастырылмаған,  алдағы уақытта берілетін өзге үйлерде үш бөлмелі пәтерлер болады. Өтініштерді қабылдау басталғалы үш күннің ішінде 500-ден астам өтініш түсті. Әлі де түседі, бұл үйлерге сұраныс жоғары. Осы ауданда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тағы екі тоғыз қабатты тұрғын үй са-
лынуда. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі үш үйдің және Ақсай қаласындағы бір тұрғын үй құ-рылысы жүруде. Ол үйлерге жыл соңына дейін өтініш қабылдау жоспарымызда бар, – деді Диас  Рахымхан.

Жаңа үйлердегі бір бөлмелі пәтердің құны шамамен 5 609 800 теңгені құрайды, бастапқы жарна-
сы 1 121 960 теңгеден кем болмауы керек. Сонда ай сайынғы несиелік төлем алғашқы сегіз жылда 37960 теңге, одан кейінгі жылдары 18244 теңгеге дейін тө-мендемек. Мұны несие алушылар 11 жыл бойы төлейді.

Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жинақтау жүйесі арқылы 210 үй өз иесін тапты. Ал биыл бұл көрсеткіш үш есеге өседі. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан барлық нысан жайында baspana.kz  сайтынан  білуге  болады.

 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»