2.07.2019, 0:46
Қараулар: 355
«Қолда бар әлеуетті толық пайдалану керек»

«Қолда бар әлеуетті толық пайдалану керек»

Өткен  апта  соңында  облыс  әкімі  Ғали Есқалиев Ақжайық  ауданы  орталығында  болып,  бірқатар құрылыс  нысандарының  жұмысымен  танысты.

Құрамында бірқа­тар облыстық басқарма­лар­дың басшылары бар жұмыс тобы алдымен Чапаев ауылында салынып жат­қан мектеп құрылысында болды. 300 оқушыға есептелген мектеп ғимаратын және 100 орындық жа­тақхананың құрылысын «Алтим» ЖШС жүргізуде. Осы жылдың сә­уір айында басталған, жобалық құны 1 млрд. 308 миллион теңгені құрайтын нысанның құрылысын келер жылдың қыркүйегінде то­лықтай аяқтау жоспарланған.

Құрылыс компаниясының директоры Азамат Ағелеуовтың ай­туынша, жаңа мектеп салу жұ­мы­-
­сына 25 адам тартылса, соның жартысы – жергілікті тұрғындар. Оларға жұмыс жүкте­мелеріне қа­-
рай 100 мың және одан жоғары еңбекақы  төлену­де.

Дейтұрғанмен, құрылысшы­лар­­дың жетіспеушілігі салдарынан жұмыс кестеден қалып келеді. 60 құрылысшы жұмыс жасау қажет болса, бүгінгі таңда со­лардың тек жартысына жуығы еңбек етуде.

Оқу орнының құрылысымен жан-жақты танысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев маңызды ғимарат­тың сапалы салынып, уақтылы тап­сырылуына аса мән беру керектігін, шұғыл арада қажетті құ­-
рылысшыларды тауып, жұмыстың кестеге сай  жүргізілуін тап­сыр­ды. Сонымен қатар өңір басшы­сы мектеп құрылысының сапа­сын ба­қылау үшін қоғамдық қадаға­лау­ды  ұйымдастыруды  жүктеді.

Мұнан соң облыс әкімі аудан орталығындағы Жұбан, Есенжа­нов, Исатай көшелерінің аралы­ғындағы Жайық өзені арнасының сумен шайылған жағалауын көр­ді. Тек соңғы он жылдың ішінде бұл тұстағы өзен арнасы 25 метрге шайылып, жағалаудағы тұрғын үйлерге әжептәуір жақындап қал­-
ған. Опырылған жағалауды көр­ген облыс әкімі орын алған жайт­тың жан-жақты зерттеліп, тұрғын­дардың өміріне қауіп төндіретін өзен арнасына бекіту жұмыста­ры  жүргізілетіндігін  айтты.

Өңір басшысының қатысуы­мен өткен актив жиынында аудан әкі­мі Қалияр Айтмұхамбетов ау­дан­ның әлеуметтік-экономикалық да­муы және алдағы жоспарлар туралы баяндады. Оның мәліметін­-
ше, биылғы жылы ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жалпы көле­мі 3 млрд. 951,2 миллион теңге­-
ні құраған. Бұл өткен жылдың  осындай мерзімімен салыстыр­ғанда 1,2 %-ға артық. Жалпы, ка­питалға түсетін инвестициялық са­лымдардың көлемі де 2,3%-ға ұлғайған. Өткен жылдың бес ай­лық көрсеткішімен салыстырған­да ірі қара, жылқы мен қойдың да саны артқан. Биылғы жылдың
1 маусымындағы деректер бойынша, жұмыссыздар санатын­да­ғы 843 адам жұмыспен қамты­лып, 460 жан қоғамдық жұмыс­қа тартылған. Елді мекендердегі әлеуметтік жағдайды жақсарту мақ­сатында құны 612 миллион тең­ге болатын бес жоба қолға алынуда. Олардың қатарында Ча­паев ауылындағы №1 орта мектепті, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін күрделі жөн­деу, сондай-ақ Тәуелсіздік, Меңдә­лиев, Қазақстан, Шурихин көше­лерінің жолдарын жөндеу, аудан орталығындағы Әбілқайыр хан көшесіне жарық шамдарын орнату  жұмыстары  бар.

Бүгінгі таңда аталған ауданда­ғы 30 елді мекен орталықтан­ды­рылған таза ауыз сумен қамтыл­-
ған. Күні кеше Тайпақ ауылдық округіне қарасты Томпақ елді ме­кені мен Шабдаржап ауылы таза
ауыз су жүйесіне қосылған. Биыл­ғы жылы тағы жеті елді мекенге таза ауыз су тарту жұмысын аяқ­тап, ауданның таза сумен қам­ты­лу деңгейін 95%-ға жеткізу көз­делуде.

Ақжайық ауданындағы 32 елді мекеннің тұрғындары көгілдір отын­ның рақатын көруде. Өткен жылдың өзінде 11 елді мекенге газ тартылып, бүгінде ауылішілік жұмыстары атқарылуда.

Тағы бір өзекті мәселелердің бірі – халықты тұрғын үймен қам­ту. Бүгінде аудан бойынша 371 адам үй кезегінде тұр. Аталған түйт­кілді шешу мақсатында ау­дан орталығынан 24 пәтерлік үш қа­-
батты тұрғын үй салынуда. Бұл пәтерлер үй кезегінде тұр­ған аз қамтылған, көп балалы отба­-
сыларға, ата-анасының қамқор­лығынсыз қалған аудан тұрғын­дарына берілмек. Алдағы уақыт­-
та Чапаев ауылынан дәл осын­дай екі көп қабатты тұрғын үй, Тай­пақ ауылынан 12 пәтерлік қос қабатты  үй  салу  жоспарлануда.

Аудан негізінен мал шаруа­шы­лығымен айналысатындықтан, кей­бір табиғи суландыру жү­йе­-
лерінің істен шығуы шаруаларға қолбайлау болуда. Бұл мәселе түбегейлі шешілетін болса, ау­дан­ның бос жатқан шабындық­та­ры­­на су шығып, жем-шөп жинау­ға жақсы жағдай тудыратын еді. Әзір­ге аудандағы мал санының 80%-ға жуығы өзеннің оң жақ жағалауында өсірілуде. Бүгінде
су­ландыру жүйелерін қалыпқа кел­тіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 11 суландыру канал­-
­дарының құжаттамасы жасақта­лып, 10 канал ауылдық округтер­дің теңгеріміне берілген.

Ауданда кәсіпкерлік саласын жетілдіре түсу де басты мәселе. Ірі сауда орындарының, қоғам­дық монша мен демалыс нысан­да­рының аздығы, пластик бұйым­­дары мен қағаз қалдықтарын қабылдау орындарының болма­уы сезілуде. Ауданның дамуына септігін тигізетін аса маңызды жобаларды анықтаумен және қол­даумен айналысатын жұмыс то­бы құрылған. Әсіресе, жастар­дың тың жобаларына үміт зор. Оған «ZhasProject» жобасында ақ­жайықтық 30 жастың жобасы үз­дік  атанғаны  айқын  дәлел.

Сонымен қатар ауданда елі­міз­дегі «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасы аясында ауқымды істер атқарылуда. Бұл бағытта биылғы жылы құны 81 миллион теңге болатын 20 жоба жүзеге асырылмақ.

Облыс әкімінің қатысуымен өт­кен жиында еңбек ардагері Дәу­летжан Жақсыбаев, «ZhasProject» жобасының жеңімпазы Тимур Сү­лейменов, Ақын-жазушылар ода­ғының мүшесі Сағынтай Бисен­ғалиев сөз сөйледі.

Жиынды қорытындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев кәсіп­кер­лік саласын дамыту, оларға жағдай жасау, сол арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға басым­дық беру керектігін айтты. Соны­-
мен қатар бұл бағыттағы жұмыс­тарды жүргізуге барлық мүмкін­діктің бар екендігін, тек соны са­-
уатты пайдалану керектігіне тоқ­талды. Әсіресе, кәсіпкерлікпен ай­налысқысы келетін жандарға же­ңілдетілген несие беру жолдарын жетілдіре түсу қажеттігін айтты.

– Бүгінгі таңда еңбек өнімділі­гі мен оның тиімділігі тиісті дә­режеде емес екендігі ешкімге жасырын емес. Қолда бар әлеуетті толықтай пайдаланып, уақыт жә­не тәжірибемен дәлелденген заманауи технологияларды батыл іс­ке қосуымыз керек. Жергілікті билік пен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдардың арасында берік қарым-қатынас бол­ған жағдайда ғана табысқа қол
жеткізе аламыз, – деді облыс әкімі Ғали  Есқалиев.

Аудан тұрғындарымен өткен актив жиынынан соң өңір басшысы тұрғындарды жеке мәселеле­-
рі бойынша қабылдады.

 

Борис  МЫРЗАҒАЛИЕВ,

Ақжайық  ауданы