2.07.2019, 0:45
Қараулар: 91
Ашық алаңқайдағы ақжарма әңгіме

Ашық алаңқайдағы ақжарма әңгіме

Облыс  әкімінің  орынбасары Ғабидолла  Оспанқұлов  «Атамекен»  лагерінде  демалып жатқан  балалармен  кездесті.  Лагерь  аумағына  ағаш отырғызу  акциясынан  бастау  алған  жүздесу  алаңқайда  ашық әңгіме  түрінде  өтті.

 

Сұхбат алаңына жи­нал­ған  балғындардан Ға­бидолла Абдоллаұлы жазғы демалыстың ұйым­дастырылу деңгейіне қатыс­ты ойлары мен болашаққа қатыс­ты арман-мақсаттары жайында
сұрап, қойылған сауалдарға жауап берді. «Рухани жаңғыру» – қа­зіргі қоғам дамуының негізі» ат­-
ты тақырыпты арқау еткен кездесу барысында балалар сан қилы сұрақ қойып, әңгіме-дүкенге белсенді атсалысты.

– Сендердің орталарыңа бү­гін­гі жас буынның ой-мақсатын ба­ғамдап, қай бағытта жұмысты жан­-
дандыру, қандай мәселеге баса мән беру қажеттігіне көз жеткізу мақсатында келіп отырмын. Сен­-
дермен әңгімелесу арқылы елі­міздің болашағын қалай елесте­тетіндеріңді, ересектер тарапынан қандай қолдау, нендей қадам кү­тетіндеріңді білсем деймін, – деп бастады шараны Ғабидолла Аб­доллаұлы.

Ортаға ортақ сауал тасталып, «Адам өміріндегі басты құнды­лық­тарға не жатады?» деген сұраққа әр  бала өз ой-пікірін білдірді. Өмірдің мәні, басты құндылықтар туралы сауалға жауап берген облыс әкімінің орынбасары: «Өмір­де сәтсіздікке ұшыраған жанның салы суға кетпеуі тиіс. Қазірдің өзінде қандай да бір қиын жағ­дай­ға тап болдым десең, өзіңнің жалғыз еместігіңді, саған әрқа­шан қолдау білдіруге әзір қоғам, ортаң мен отбасың бар екендігін есіңнен шығармауың керек. Сондай-ақ кез келген мәселенің шешімі болатынын ұмытпау қа­жет. Қиындықтан, ортаңнан алшақ­тап, алысқа кету де мәселенің ше­шімі емес. Жалпы, керемет өмір шетелде деген – қате түсінік. Өз басым «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша екі жыл жарым Ұлыбританияда білім алып, сол жақта өмір сүрдім. Көзбен көріп, көңілге түйгеніме сүйеніп, екі елді салыстырып көргенмін. Біздің елімізде отбасы құндылы­ғы, ар-ождан деген қасиеттер басты орынға қойылады. Ал ол жақ­та бір жынысты неке көп, мұн­дай ессіздік ертеңгі күні тұтастай ұлтты құртатындығы туралы ойланып жатқан ешкім жоқ. Дамы­ған елдің бағыт-бағдары жөн деген соқыр сеніммен барлығына бірдей еліктеудің қажеті жоқ. Мұн­-
дай теріс трендтер салдарынан өзіңнің адамдық келбетіңді ғана емес, ұлтыңды да жоғалтасың»,  –
деген ойымен бөлісті.

Сондай-ақ Ғабидолла Абдолла­ұлы адам баласының басты құн­дылығының бірі – достық жайлы әңгімелеп, ең мығым әрі ең сенім­ді қарым-қатынас саналатын мектеп қабырғасынан бастау алған достықты бағалауға шақырды. Жастарға өз пікірлерін ашық айтудан, кез келген мәселеге қатыс­ты өзіндік ой қалыптастырудан қорықпау қажеттігі айтылып, ой-пікір еркіндігін қалыптастыру мақсатында қазіргі жастар, әсіре­се, жоғары сынып оқушылары арасында пікірталас турнирле­-
рін ұйымдастыру, әрбір мектепте сыни ойлау сабақтарын жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс тасталды.

«Жуырда Орал қаласындағы «Uralsk runners» жүгіру клубы­ның бастамасымен жүгіру жола­-
ғы­на қаражат жинау үшін чел­лендж жариялан­ған болатын. Осы мәселеге об­лыс бас­шылығы мен
өзіңіздің жеке көзқарасыңыз қан­дай?» деген са­уалға Ғабидолла Оспанқұлов: «Әкім­­­дік тарапынан
қолдау тауып отырған бұл баста­маға осы қа­ла­ның тұрғыны жә­не салауатты өмір салтын ұс­-
танушы азамат ретінде мен де өз үлесімді қоса­мын. Бұл – жүгі­ру жолағын салу­ға мемлекет тара­-
пынан қар­жы бөлінбей отыр де­ген сөз емес. Басты мақсат – ел ішінде ат­қа­рылып жатқан істер­ге азаматтар тарапынан жана­шыр­лықты арттыру. Мемлекет қара­жатына са­лынған спорттық алаң­-
қайлар мен нысандарға ұқып­тылық таныту же­тіспей жатады. Қазіргі таңда  вандализм әрекет­-
тері көптеп бай­қалады. Ал аталмыш жобаға өз қа­ражатын аударып, титтей де болсын үлес қос­-
қан адам жасалған жұмысқа жа­на­шырлықпен қарай­тын болады.
Тер төгіп тапқан ақ­шасына са­лынған нысанды көз­дің қарашы­ғындай сақтап қана қоймай, өз­гелерді де соған үн­дейтін бола­ды», – деп жауап берді.

– Қытай халқында «Өмір сүру, білім алу және өзіңді жетілдіру ағысы қатты өзенге қарсы жүз­ген­­мен тең. Егер бір сәтке тоқтап қал­саң, қатты ағыс артқа алып кете­ді» деген керемет даналық сөз бар. Сол себепті білім алып, өз­де­ріңді жетілдіруден, қорша­ған әлем­ді танып, ой түюден шар­шамаңдар. Бүгінгі ұрпақ жан-жақ­ты білімді болса, еліміздің бола­шағы жарқын, алар асуы биік болары анық. Қандай мамандық ие­сі болатындықтарың туралы сұ­ра­ған сәтте сан қилы кәсіп иеле­рін атағандарыңа шынайы қуа­-
нып қалдым. Демек, сендер елдің дамуы үшін әр салаға үлес қоса­тын әр түрлі мамандық иесі керек­тігін ұғына білесіңдер, маңызды мәселеде біржақты ойлау, бәрің бірдей бір бағытты таңдау жөн еместігінен хабардарсыңдар, – деген Ғабидолла Абдоллаұлы кездесу соңында балалармен бірге «Атамекен» лагерінің әнұранын шырқады. Лагерь демалушылары облыс әкімінің орынбасарына өз­дерінің «Рухани жаңғыру» тақы­рыбына жазған эсселер жиын­тығын сыйға тартты.

 

Аяужан  КЕРЕЕВА,

«Орал  өңірі»

 

…Қытай халқында «Өмір сүру, білім алу және өзіңді жетілдіру ағысы қатты өзенге қарсы жүз­ген­­мен тең. Егер бір сәтке тоқтап қал­саң, қатты ағыс артқа алып кете­ді» деген керемет даналық сөз бар…

 

Динара  СӘКЕНОВА,

Орал  қаласындағы  №2  мектептің  оқушысы:

– Ашық алаң­қайдағы кездесу барысында бізді толғандыратын басты тақырыптар қозғалды деп ойлаймын. Бізді баласынбай, ма­ңызды жайттар жайлы тең дәрежеде әңгіме-дүкен құрған Ғаби­­-
дол­ла Абдоллаұлына ризамын.

Достық мекеніне айналған «Атамекендегі»әр сәт, әсіресе, біз секілді жастарға ой салатын осындай кезде­су­лердің берері көп. Өз ұстанымымыз туралы ой бөліскен кезде ме­нің «Адамның ең басты байлығы – отбасы» деген ұстанымы­ма  Ғабидол­ла  Абдоллаұлы  ризашылығын  білдірді.

 

Исламбек  САБАХАТ,

Х. Доспанова  атындағы  №30  мектептің  оқушысы:

– Кездесу көңілімнен шықты, өзім білмейтін көп сұраққа жауап алдым. Ғабидолла Абдолла­-
ұлының балалық шағы, балаң арманы, мемлекет­тік қыз­метке келгені туралы айтқан естеліктері
ерекше ұнады. Болашақта бізге үлгі боларлық­тай аға-әпкелермен қызықты кездесулер тұрақты ұйымдас­тырылып  тұр­са,  керемет  болар  еді.