2.07.2019, 0:43
Қараулар: 285
Шұрайлы өңірдегі шырайлы істер

Шұрайлы өңірдегі шырайлы істер

Өткен  апта соңында облыс әкімі Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы ел-жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты.

Желмая мініп, жерұйық-ты іздеген Асан қайғы бабамыз құтты мекен санаған шұрайлы Шыңғырлауға сапар шымылдығы Ащысай ауы-лында ауыз су жүйесін іске қосумен  ашылды.

Аудан әкімі Альберт Есалиев-тің мәлімдеуінше, қазіргі таңда аудан халқының 82%-ы таза ауыз сумен қамтылған. Ашықтоғай ұң-ғымасынан Жаңакүш ауылына дейін су құбырын тартуға 329,352 млн.
теңге бөлініп, бұл жұмысты «Газстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Сонымен қатар «УниверсалСтрой-Сервис» ЖШС Алмаз ауылына су тарту жұмыстарын бастап кеткен, аталмыш жұмыстың жобалық құны – 283,472 млн. теңге. Ал «Болат-Д» ЖШС келісімшарт бойынша белгіленген бағасы 170,923 млн. теңге болатын Ақтау ауылындағы су құбырын қайта қалпына келтіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін аудан халқының сумен қамтылу көрсеткіші 94%-ға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ аудандағы алты елді мекенде (Ақсуат, Ұрысай, Сегізсай, Қайыңды, Ақсоғым, Қарағаш) жобалық-сметалық құжатта-маларды дайындау жұмыстары жүзеге асырылуда. Жергілікті билік 2021 жылы аудан халқын таза ауыз сумен 100 пайыз қамту межесін көздеп отыр.

– Соңғы үш жылда «Өңірлерді дамыту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты аясында облыс бойынша екі мың шақырымдай су құбыры қайта салынды немесе қайта қалпына келтірілді. Осы бағытта респуб-ликалық және жергілікті бюджеттен 14 млрд. теңге қаражат жұм-
салды. Атқарылған істер нәтиже-сінде ауылдық жерлерде тұратын 81 мың тұрғын таза суды тұтынып отыр. Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласына жұмыс сапары кезінде ауылдық елді мекендерде-гі халықты ауыз сумен қамтуды бірінші кезектегі тапсырма ретінде жүктеген болатын. Күре жолдың бойында орналасқан Ащысай ауылында газ бар, бүгінгі күні ауыз су құбырын іске қоссақ, сіздердің міндеттеріңіз елді мекенді көркейтуге үлес қосып, бизнесті дамыту болмақ, – деді Ғали Нәжіме-денұлы салтанатты шарада.

Ащысайлықтар атынан сөз алған зейнеткер, еңбек ардагері Зұлқарнай Нұрғазиев отыз жылға
жуық уақыт бойы ауыл халқы ащы суды тұтынып, таза суды зарыға күткендігін айтты. «Ащысайда 67
жыл бойы тіршілік кешіп, елу жылғұмырымды осы өлкені өркендетуге арнадым. Бұл қуанышты жағ-
дайды «ақ түйенің қарны жарыл-ған» сәт деп санаймын. Мұндай бақыт – мемлекетіміздің сарабдал саясатының, жергілікті билік өкілдерінің еңбегінің арқасы», – деді  ақсақал.

Ащысай ауылдық мектебінде қырық жыл еңбек еткен Хадиша Битенғалиеваның айтуынша, бүгін-гі күнге дейін су таситын көліктің жолын күтіп жүрген ауыл халқы үшін әр үйге таза су кіргізілуі – айрықша  қуаныш.

– Үйім құбырдың құрылысы жүріп жатқан жерге жақын орналасқандықтан және қоғамдық ба-
қылау комиссиясының мүшесі ретінде жұмысты бастан-аяқ қадағалаумен болдым. 1992 жылдан бері су зардабын тартып, соңғы он жылда тасып жеткізілетін суды пайдаланып келдік. Тіршілік көзі саналатын судың қадірін жақсы түсінеміз, сол себепті табиғатта су қоры сарқылмасын деп тілеймін, – дейді Хадиша Хайыршақызы.

Мердігер компания – «Қазқұрылыс» ЖШС директорының орынбасары Қатира Тұяқбаева Х. Битен-
ғалиеваның азаматтық белсенді-лігін және туған ауылында жүзеге асырылып жатқан жобаға шынайы жанашырлығын айрықша атап өтіп, компания атынан кір жуғыш машинаны  сыйға  тартты.

Ғали Нәжімеденұлы сонымен қатар Шыңғырлау – Ақшат – Сегізсай аутожолының 32 шақыры-
мын орташа жөндеу, 12 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын тексерді. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы өңір басшысына мердігер компания – «АСФА» ЖШС директоры Иван
Енютин баяндады. Оның айтуынша, былтыр басталған жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жобалық құны  51 млн. теңгені құрайтын жол жөндеу жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады деп кү-тілуде. Нәтижесінде ені 7 метр болатын жол арқылы 5 ауылдық округ, соның ішінде 12 елді мекеннің аудан орталығымен байланысы қысы-жазы үзілмейтін болады.

Аутожолдармен қатар аудан орталығындағы ауылішілік жолдардың да сапасын жақсартуға баса мән берілуде. Осы бағытта Шыңғырлау ауылындағы А. Құнанбаев, Л. Қылышев және Тәуелсіздік, Ғ. Мұратбаев, С. Датов көшелеріне жол салу жұмыстары туралы «Айдана» ЖШС-ның учаске бас-
шысы Вазген Джанхарян баянда-ды. Облыс басшысы елді мекен дамуының басты индикаторы са-
налатын жол құрылысы жұмыста-рына қоғамдық кеңестер тарапы-нан бақылау мен техникалық қа-дағалау жұмыстарын күшейтіп, жобалық-сметалық құжаттарды жасақтау барысында салынатын жолдың ені мен қалыңдығының талапқа сай болуына баса мән беріп, жұмыс барысында жергілік-ті жерде өндірілетін құрылыс материалдарын қолдануды тапсырды.

Сапар барысында өңір басшысы Ғали Есқалиев Шыңғырлау ауданы жастарының бастауымен Жастар жылына орай қолға алынған «Eco river» жобасының тұсауын кесті. Аталмыш жоба аясында ау-
дан жастары Елек өзенінің жағалауын қалдықтардан тазалап, ел-жұртты табиғатты аялауға шақырмақ.

Облыс әкімі сондай-ақ аудандық аурухана қызметкерлерімен жүздесіп, аудан орталығындағы аурухана мен Ақшат ауылдық округіндегі медициналық пунктке су жаңа «Жедел жәрдем» көліктерінің кілті табысталды. «Биыл Ақшат ауылының тұрғындары қуанышқа кенеліп, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған су жаңа нысанда отбасылық дәрі-герлік амбулатория жұмысын бастады. Ауыл халқы су мен газдың игілігін көріп отыр. Аудан орталығына науқастарды тасы-малдау үшін көлік қажеттілігі туындап, бүгінде оған да қол жеткізіп отырмыз. Қазіргі таңда амбулаторияда қызмет етіп жүрген дәрігер маман бала күтіміне байланысты демалыста болғандықтан, зейнет демалысына шықсам да, қызметте жүрмін. Ендігікезекте ауылдық жердегі медициналық маман жетіспеушілігі мәселесі оңынан шешілсе, нұр үстіне нұр болар еді», – деді Ақшат ауылындағы дәрігерлік амбулатория медбикесі Баян Абдрахманова. Маман жетіспеушілігі мәселесін шешу бағытында жұмыстар жүр-гізіліп жатқандығын, қазіргі таңда оқуын бітіріп, дипломын иеленген бойда елге келуге бел буған үш маманды күтіп отырғандықтарын айтқан аудандық аурухана ди-ректоры Қылыш Жазықбаев жұмысқа келген қызметкерлерді тұрғын үймен қолдау болатын-дығын, жан-жақты жағдай жасалатындығын мәлім етті.

Орталық саябақта аудан арда-герлерімен ашық әңгіме-дүкен құру барысында Ғали Нәжімеденұлы жұртшылықпен тығыз қарым-қатынас орнату және жергілікті билік тарапынан шешілмей жатқан түйінді мәселелерді облыс басшылығына тікелей жеткізу мақсатында Шыңғырлау ауданы бойынша өзінің қоғамдық өкілі Ерсайын Шәтеновті таныстырды. «Ерсайын Қапезұлы 26 жыл бойы осы ауданда тұрып, мемлекеттік қызмет саласында түрлі басшылық лауазымдарды атқарған, ауданның мән-жайын жақсы біледі, ел-жұрт арасында сый-құрметке ие», – деп атап өтті өңір басшысы. Ұсынылған кандидатураны үлкен-кіші түгел қоштап, әкімнің халықпен тығыз қарым-қатынас ор-
нату бағытындағы қадамына сәттілік тіледі. Сонымен қатар облыс әкімі «Қазпошта» АҚ аудандық филиалының жаңа ғимаратын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осыдан бір жыл бұ-
рын ашылған, бес залдан тұра-тын аудандық тарихи-өлкетану мұражайын  аралап  көрді.

Аяужан   КЕРЕЕВА,
«Орал   өңірі»