2.07.2019, 0:39
Қараулар: 298
«Аналық мейірімімізді білдіргіміз келеді»

«Аналық мейірімімізді білдіргіміз келеді»

Орал  қаласындағы  Достық  үйінде  БҚО  ҚХА  жанынан құрылған  аналар  кеңесінің  кезектен  тыс  отырысы  өтті. Күн  тәртібінде  Арыста  болған  қайғылы  жағдайға  байланысты  көмек  көрсету  туралы  бір  ғана  мәселе  қаралды.

Жиын барысында ана­лар «Арыс­тық­тар­ға көрсетілетін кө­мектің қандай тұр-
ғыда болғаны тиімді?» деген сауал төңірегінде кеңесіп, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.

Отырысқа арнайы қатысқан БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғай­са Қапақов Арыстағы ағайынға көр­сетілетін көмектің ассамблея мү­шелері, жалпы өңіріміз тарапынан ұйымдастырылу барысы жайында мәлімет берді.

– Біздің өңірден Арысқа кө­мек ретінде жөнелтілген 30 тоннаазық-түліктің жинақталуына об-
лы­сымыздағы ассамблея мүше­ле­рі де атсалысты. Енді көмекке қажетті құрылыс материалдары
жинақталуда. Қазірдің өзінде өңі­ріміздегі ассамблея мүшелері тарапынан көмек үшін 3 миллион теңгенің үстінде қаржы түсті. Бү­гін­гі таңда Әзірбайжан этномә­де­ни орталығы құрылысшылар бри­гадасын жасақтап, Арысқа өз­дерінің материалдарын апарып, қалпына келтіру бағытындағы құ­-
рылыс жұмыстарын жүргізуге кө­мек­тесеміз деген ұсыныстарын білдірді. Бастысы, әркім өз қолы­нан келген көмегін ұсынуда, – де­ді Ғайса Хамидоллаұлы.

Ол сондай-ақ арыстықтарға қол­­ұшын созу мақсатында қолға алынған өзге де ілкімді істер жә­-
не көрсетілетін көмектің қай ба­ғытта болуы керектігі туралы жан-жақты әңгімеледі.

Бүгінде Орал қаласындағы Достық үйі ғимаратының ішінен Арыс­қа көмек ретінде жөнелті­-
ле­тін заттарды қабылдайтын бө­лімше ашылған.

– Облысымызда 157 аналар ке­ңесі бар. Оның құрамында 1200-ден астам ана бар. Батыс Қазақстан облысындағы барлық аналар ке­ңе­сі бірауыздан Арыста болып жат­қан қайғылы жағдайға, соның ішінде, әсіресе, көп балалы ана­ларға, балаларға «қолымыздан кел­­­ген көмегімізді көрсетеміз» де­-
ген шешім қабылдады. Біз ана­лар кеңесінің атынан Арыстағы аналар кеңесіне өзіміздің көңі­лі­міз­-
ді білдіріп, хат жолдағалы отыр­мыз. Әрқайсымыз мүмкіндігіміз­ше ақшалай немесе заттай, азық-түлік түрінде көмегімізді қоса жі­бермекпіз. Біз, аналар, елімізде мұндай жағдай ендігі уақытта қай­таланбаса екен деп тілейміз. Адам өміріне қауіпті үлкен арсенал­дың Арыста осы уақытқа дейін тұрғаны, одан шыққан өрт бізді үлкен алаңдаушылыққа әкеліп отыр. «Біздің үкіметіміз бар, жергілікті әкімшілік бар дегендей, бұл мәселеге неге көңіл бөлінбей келген, мұндай арсеналдар елі­міздің басқа да түкпірлерінде ха­лық қоныстанған аймақтарда сақ­талып тұрған жоқ па?..» деген се­кілді үрейлі ойларға келетін бол­дық. Оқиға өткеннен кейін кө­мек көрсету өз алдына, тыныштық, бейбітшілік кезінде өсіп, экономикасы дамып келе жатырған елде осындай қайғылы жағдайдың бо­луына жол бермеуіміз керек деген ойдамыз. Батыс Қазақстан об­лысының білім басқармасы арқы­лы өңірімізге демалуға келетін арыстық балаларға сый қоржын­дарымызды дайындаудамыз. Қор­жынға дәрі-дәрмек, оқу құралы, өзге де балалар үшін қа­жетті зат­тар салынбақ. Балалардың сұра­ныстарын да ескеруге тырыса­мыз. Мүмкін оларды экскурсия­ға алып шығармыз. Қалай бол­ғанда да материалдық көмек­пен қатар аналық мейірімімізді
де білдіргіміз келеді, – дейді БҚО ҚХА жанынан құрылған облыс­тық аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма  Құрманалина.

Нұртас   НАБИОЛЛАҰЛЫ,
«Орал   өңірі»