2.07.2019, 0:37
Қараулар: 108
«Аудан әкімдерінің қызметі басты екі көрсеткіш бойынша бағаланатын болады»

«Аудан әкімдерінің қызметі басты екі көрсеткіш бойынша бағаланатын болады»

Бұл  туралы облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев  Бөрлі  ауданына  жұмыс  сапары кезінде  мәлімдеді. Ең   алдымен,  өңір басшысы  жұмысын  Ақсай  қаласының  даму  жоспарымен танысудан  бастады.

Қаланың даму барысы мен атқарылып жатқан істер туралы Ақсай қа­­ласының әкімі Аман­гелді Тоғызбаев есеп берді. Баян­дама желісімен танысқан облыс әкімі қаланың даму жоспарын об­лыс бойынша жасақталған жос­пармен сәйкестендіруді, сондай-ақ көп сөзділіктен арылып, атқары­латын істің атауы мен жүзеге асырылу жолдарын, қажетті қаражат көлемі мен қаржыландыру көзін міндетті түрде көрсету қажеттігін тапсырды.

Бөрлі аудандық әкімдігінде өт­кен актив жиналысында аудан әкі­мі Санжар Әлиевтің мәлімдеуін­-
ше, жалпы аумағы 55 902 ш.м. құ­райтын ауданда өнеркәсіп өнді­рісінің көлемі – 904 млрд. теңге, физикалық индекс көлемі – 95,9 пайыз. Ауыл шаруашылығы өні­мінің көлемі – 1,8 млрд. теңге, былтырғы жылмен салыстырған­да 1,4 пайыз өсім байқалады. Не­гізгі капиталға салынған инвес­тиция мөлшері 108,9 млрд. тең­гені құрап, былтырғы жылмен са­лыстырғанда 99%-ға өскен. Мемлекеттік бюджетке түскен түсім­дер және басқа да төлемдер кө­лемі – 130 млрд. теңге, бұл был­тырғы көрсеткіштен 219%-ға ар­тық.

Тұрғындар аудан аумағында­ғы түйткілді мәселелерді шешу үшін «ҚПО б.в.» компаниясы тарапынан облыс бюджетіне аударылатын қаржының белгілі бір бөлігін ауданға бағыттау, теміржол көпірін салу, медицина саласы ма­ман­дарына арнап көп қабатты тұрғын үй тұрғызу туралы ұсы­ныстар тастады.

Облыс әкімі жергілікті жердегі ел-жұртпен тығыз қарым-қатынас орнату және аудандық деңгей­де шешілмей жатқан түйткілді мә­селелерді облыс басшылығына ті­келей жеткізу мақсатында Бөрлі ауданы бойынша өзінің қоғам­дық өкілі Роберт Сүйербаевты таныстырды. Роберт Хамитұлы – ауыл шаруашылығы ғылымда­ры­ның докторы, кезінде Шыңғыр­лау аудандық халықтық депутаттар кеңесінің төрағасы, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас­­шысы, облыс әкімінің орын­-
басары және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы секілді жауапты қыз­мет­терді атқарған.

Аудан халқы алдында сөз ал­ған өңір басшысы Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес инфрақұ­ры­лымы қарқынды даму үстіндегі аудан аумағында жаңа жұмыс орындарын ашуды жандандыру қажеттігін айтты.

– Шетелдік ірі компаниялар көптеп шоғырланған, тұрғында­ры­ның тұрмыс деңгейі айтар­лық­тай жоғары бұл қалада бизнесті жандандыруға мүмкіндік мол. Ха­лықтың сұранысына ие, десе де белгілі бір себептермен мемлекеттік бюджет тарапынан қаржы бө­лінбеген жобаларды мемле­-
кет­тік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асыру бағытында­ғы жұмыстарды күшейту керек. Келешекте әрбір аудан әкімінің қызмет деңгейін бизнеске жай­лы орта құра білу қабілетіне жә­-
не мемлекеттік бюджет қаража­тын тиімді игере білуіне қарай бағалайтын боламын. Аудан бас­-
шылары жергілікті халық арасын­дағы өз ісін бастауға ниетті аза­маттарды қолдауға мүдделі бо­­луы тиіс. Бюджет қаражатын тиімді жос­парлау, нақты қажеттілікті есеп­ке ала отырып, әр жобаның маңыздылығын сараптау, бірінші кезекте халық тарапынан сұ­ра­нысқа ие жұмыстарды жүзеге асыру қажет.  Сондай-ақ әр ауданның бес жылды қамтитын даму жоспары жасақталғаны жөн. Аталмыш
жоспарға әр жоба туралы жан-жақты мәлімет, жүзеге асырылужылдары мен жұмсалатын қара­жат мөлшері көрсетілуі тиіс, – деді Ғали Есқалиев.

Актив жиынынан кейін Ғали Нә­жімеденұлы Наурыз-1, Наурыз-2 көшелеріндегі жолдар­дың жөн­-
деу жұмыстарымен және Ақсай қа­ласының Қарашыға­нақ-1 ша­ғын­ауданында салынып жатқан тоғыз қабатты екі тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. «Ақсай Бизнес Строй» ЖШС жа­-
уапкершілігіндегі жөндеу жұмыс­тары жөнінде аталмыш серіктестік директоры Анвар Агаев баян­дап берді. «Строй Мұнай Сер­вис Ақтөбе» ЖШС салып жат­қан 126 пәтерлік тұрғын үйге респуб­ли­калық бюджеттен 1 209, 99 млн. теңге бөлінген. 36 бір бөлмелі, 54 екі бөлмелі және 36 үш бөлме­-
лі пәтерден тұратын аталмыш баспана тұрғын үйге мұқтаж жан­дар­ға жалдамалы пәтер ретінде бе­рілетін болады. Ал «Лидер» ЖШС салып жатқан 9 қабатты тұрғын үй түгелдей дерлік «Тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» АҚ салым­шыларына  тапсырылмақ.

Аяужан   КЕРЕЕВА,
«Орал   өңірі»