2.07.2019, 0:34
Қараулар: 304
Торыатбас баурайында…

Торыатбас баурайында…

Торыатбас тауының баурайында «Ұлы дала құндылықтары» облыстық іс-шарасы аясында «Қазақ даласының ұлы мәдениеті» атты фестиваль өтті. Екі  күнге созылған шараның басты мақсаты – Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын жүзеге  асыру, ұлттық өнеріміз бен ұлттық спортымызды, халық ауыз әдебиетін дәріптеу.  Аталмыш шараға Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Тасқала, Шыңғырлау аудандары мен Орал қаласы командалары қатысты. Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев сайысқа  қатысушыларға  сәттілік  тілеген  соң, дода  басталды.

Фестивальға  қатысушы командалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарих, тұлға, тамырластық» тақырыбында көрме  өт-кізіп, киіз үй тігу мен ұлттық спорт  түрлерінен сайысты. Асау үйрету, жамбы ату, теңге ілу, көкпар тарту, аударыспақ, тау туризмі сықылды ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстар көрермендер көңілінен шығып, жиналған қауым шабандоздар мен көкпаршылардың, киіз үй тігушілердің шеберліктеріне тәнті болды. Фестивальға келген қонақтың барлығы ауданымыздың бай мұ-расынан хабардар болып, екі күн ішінде көшпенділердің өміріне еніп, халқымыздың ежелгі тұрмысымен, тарихи салт-дәстүрлерімен, ұлттық құндылықтарымен танысты.

Асау үйрету – айрықша өнер. Жалпы, ат спортының бұл түріне кез келген адам келе бер-
мейді. Бұл — талай асауды бастықтырған, жылқының сырын білетін нағыз мықтылардың бә-
секесі. Асау үйрету жарысының қорытындысы бойынша 1-орынды Шыңғырлау ауданы жеңіп алса, 2-орын-ды Бөрлі ауданы иеленді. Ал Тасмола ауылынан келген шабандоз 3-орынды еншіледі.

Киіз үй тігу де – ерекше өнердің бір түрі. Оны халық арасында насихаттау, тігу және қайта жығу, жинауды үйрету, жасау-жабдығын орны-орнымен қолдана білуге баулу – басты міндет. Киіз үйді тігу, оның құралдарын дұрыс орналастыра білу үлкен білгірлікті талап етеді. Жарысқа қатысушылар киіз үй тігуге ерекше ынтамен, құлшыныспен кірісті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, киіз үйді тез әрі тату тіккен Шыңғырлау ауданының командасы бұл сайыста 1 орынды иемденіп, 60000 теңгені қанжыға-сына байлады. Екінші жүлдені иеленген сырымдықтар 40000 тең-геге, 3-орында нәтиже көрсеткен бөрліліктер 30000 теңгеге ие болды. Ал Тасқала ауданының өкілде-рі 20000 теңгені еншіледі.

Құйқылжыта күй тартып, әсем әнімен жиналған жұртты тәнті еткен өнерпаздарымыз да арнайы алғысхаттармен марапатталды. Жамбы атудан 1 және 2-орындарды шыңғырлаулықтар қанжығасына байласа, 3-орынды Ақжайық ауданы иемденді. Сонымен қатар тау туризмінен 1-орынды Шыңғырлау, 2-орынды Бөрлі, 3-орынды Тасқала ауданы жеңіп алды.

Көкпар десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ жігіттері ат жалын тартып мініп, жерде жатқан  серкені тақымға қысып, жалынды  ойын көрсетті. Өз командасына ұпай жинау үшін  бар күштерін сарпыған көкпаршылар ат дүбірін толастатпай, қызуқанды әрі лайықты қарсылық танытты. Көкпар ойынынан «Үздік жекпе-жек» аталымына ие болған Орал қаласының «Ұлттық спорт» мектебінен келген Нармағанбет Иманғазыұлы. Соны-мен қатар «Үздік шабуылшы» шыңғырлаулық Мағжан Қойлыбай, ал
Ақжайық ауданының шабандозы Амангелді Қалиақбаров «Үздік қорғаушы» аталымын жеңіп алды.
Аттың құлағында ойнайтын Оралдан келген «Ұлттық спорт» мектебінің шабандоздары керемет өнер көрсетіп, көкпар ойынынан 1-орынды жеңіп алды. Ақжайық және Бөрлі аудандары жүлделі орындарды иеленіп, жиналған қауымға тартысты да қызуқанды ойын көрсетті.

Аударыспақ – нағыз ер-азамат-тардың ойыны. Мұнда білек күшіне қоса, ептілігің де, әдіс-айлаң да
жеткілікті болуы керек. Бұл ойын-ға қайсар, төзімді, шапшаң әрі ат құлағында ойнай білетін, ат үстін-дегі айқасты жақсы меңгерген жігіттер қатысты. Барлық спортшылар алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айбарша  ЛЕКЕРОВА,
Шыңғырлау  ауданы