2.07.2019, 0:28
Қараулар: 367
Журналистер қандай құрметке де лайық

Журналистер қандай құрметке де лайық

28 маусым  күні  өңіріміздегі  БАҚ  өкілдерін облыс әкімі  Ғали  Есқалиев  кәсіби  мерекелерімен  құттықтап, ҚР  Президентінің  және  өзінің  алғыс­хаттарымен  марапаттады.

– Құрметті журналистер қауы­мы, бас редакторлар, бүгінгі мерекелік шараның қонақтары! Сіздерді және сіздер арқылы барша ақпарат құралы қызметкерлерін төл мерекелеріңізбен шын жү­ректен құттықтаймын! Сіздер елі­міздің, соның ішінде өңіріміздегі тұрғындардың ақпарат алуы, мем­-
лекетіміздің игілігі жолында жа­ғымды жаңалықтардың жария бо­луына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Тәуелсіздігімізді баян­ды ету жолындағы мемлекетімізде жүр­гізіліп жатқан реформалар, олардың мәні мен маңызы туралы көпшілік сіздердің мақала-мате­риалдарыңыз арқылы бі­лу­де. Сон­-
дай-ақ бүгінгі жаһандық даму кө­шінен қалмай, төрткүл дүние­де­гі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отыруымызға да батысқазақстандық тілшілердің қосып жатқан үлесі аз емес.

Күні кеше ҚР Президенті Үкі­метке журналистердің кәсіби ме­рекесін белгілеу бойынша қаулы дайындауды тапсырған болатын. Соған сәйкес 28 маусым – Бұқа­ралық ақпарат құралдары қыз­мет­керлері күні болып ресми түр­де бекітілді. Бұл журналистер қауымының мемлекет тарапынан назардан тыс қалмайтынының та­ғы  бір  дәлелі  болса  керек.

Бүгінгі таңда облысымызда 74 ақ­парат құралы қызмет етуде. Оның алтауы электронды БАҚ, 52-сі газет, 14-і журнал, екеуі ақ­па­рат агенттігі. Осы сәтті пайдалана отырып, «Aqjaıyq» телеарнасын 55 жылдық мерейтойымен, ал «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Шүйіншәлиеваны халықаралық «Алаш» сыйлығын иеленуімен құттықтаймын!

Қазіргі таңда интернеттің қар­қынды дамуы коммуникация құ­ралдарын бір арнада тоғысты­-
рып, дәстүрлі ақпарат құрал­да­ры мен жаңа медианың сабақ­тастығын арттыра түсті. Тіпті кей­-
бір әлеуметтік желілер БАҚ-пен бәсекелеске айналды деуге бо­лады. Ал бұл өз кезегінде кәсі­би мамандардың бәсекеге қабі­леттілігін арттыра түсуде.

Қасым-Жомарт Кемелұлы То­қаев Президент қызметіне кірісу шарасы салтанаты кезінде: «Қа­зақстан жаңа мүмкіндіктер мен перс­пективалар еліне айналды. Біз – бабалар дәстүрін қастерлейтін, әлемнің озық жетістіктеріне ұм­тылатын халықпыз. Бұл – біздің қүш-қуатымыздың діңгегі. Біз қуат­ты әрі гүлденген Қазақстанның өркендеуі үшін бірге еңбек етеміз» деген болатын. Бұл істе біздің ең жақын әріптестеріміз, сіздерсіздер.

Меншік иесінің кім екеніне қа­рамастан, барлық ақпарат құра­лының мақсаты біреу ғана. Ол –
мемлекет тарапынан атқары­лып жатқан жұмыстарды халыққа жет­кізу, әрі тұрғындардың проблемаларын мемле­кеттің назарына ұсыну. Бұқара мен биліктің ара­сындағы алтын көпір қызметі осы
болса керек. Біздің арамыздағы байланыс биыл да өзара түсі­ніс­тікке негізделіп, еліміздің, соның
ішінде Ақ Жайық өңірінің дамуы­на өз септі­гін тигізеріне сенім мол.

Қай кезде де қалам ұстаған жан­дардың көтерер жүгі жеңіл бол­ған жоқ. «Газет – халықтың кө­-
зі, құлағы һәм тілі» деген қанат­ты сөз ХХІ ғасырда да өзектілігін жоймай, жаңа жаһандану дәуірін­де ауқымын кеңейтіп, БАҚ-тың азаматтық қоғамдағы рөлін одан әрі арттыруға негіз болуда.

Құрметті журналистер қауы­мы! Сіздерді тағы да мереке­ле­ріңізбен құттықтай отырып, облы­-
сымыздың даму қарқыны, жеткен жетістіктері туралы шынайы түр­де жария етіп келе жатқан­да­ры­ңызға өз ризашылығымды біл­діремін. Алдағы уақытта да өңі­рімізді одан әрі дамыту, тұрғын­дарға жайлы орта қалыптасты­ру­ды арттыру бағытында қолға алынатын істерді бірігіп жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Сіздер­ге зор денсаулық, отбасылық ба­қыт, шығармашылық табыс, тың жетістіктер тілеймін, – деді Ғали Нәжімеденұлы.

Содан соң өңір басшысы ҚР Президентінің алғысхатымен «Қа­зақстан» РТРК БҚО филиа­лының
директоры Асланбек Ғұбашев­ті, «Жайық Пресс» медиахол­дин­­гінің бас директоры Рауан Сәби­-
товті марапаттады. Журналисти­ка саласының ардагері, бел­гілі ақын Айтқали Нәріков «Құрметті журналист» төсбелгісін өңіріне тақты. Ал жиырма шақты БАҚ қыз­меткері облыс әкімінің алғыс­хаты мен 100 мың теңгелік сертификатты иеленді. Олардың ара­сында республикалық «Хабар-24»,
«Астана» телеарналарының об­лы­сымыздағы меншікті тілші­лері Ботагөз Базарбаева мен Еркін Карин, «Хабар» арнасының опера­торы Руслан Ғазезов, облыстық «Орал өңірі» газеті бас редакто­рының орынбасары Сәкен Әбіл­халықов, «Приуралье» газетінің бөлім редакторы Галина Манцева, «Aqjaıyq» телеарнасының бас инженері Марат Айса, шеф редакторы Рауан Диәли, тілшісі Роза Сатқанова, «Жайық үні» газе­тінің бас редакторы Мира Шү­йін­шәлиева, Сырым аудандық «Сы­-
рым елі» газетінің жауапты хатшысы Мүсірбек Айташев, Бөкей ордасы аудандық «Орда жұлды­зы» газетінің  тілшісі Арайлым Ес­мағұлова  бар.

 

Мәди   ЫҚЫЛАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар