2.07.2019, 0:26
Қараулар: 321
Редакция мұқтаж отбасына үй сыйлады

Редакция мұқтаж отбасына үй сыйлады

Биыл «Сырым елі» газеті редакциясы аудан көлеміндегі үйсіз-күйсіз жүрген аз қамтылған отбасыларды, жалғызбасты жандарды қолдау мақсатында жаңа жобаны қолға алған еді. «Газеттен жасалған үй» атты бұл жоба өзінің алғашқы жемісін берді.

Бұлдырты ауылдық округіне қарасты Көгеріс ауылындағы медициналық пункттің бір бөлмесінде тұрып келген үш баласы бар жалғызбасты ана Гүлмира Шәкірова үйлі болды. Бұқаралық құралдары қыз-меткерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында олар қоныстойларын тойлады.

– Сырым ауданында Жаңаөңір, Сасықкөл, Алатау ауылдарындағы мектептер бала санының жетіспеушілігіне байланысты жабылды. Осы жағдай тағы да бірқатар мектептерде қайталануы мүмкін. «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті үш балалы анаға баспана сатып алып беру арқылы ауыл мектебінің сақталуына, сол арқылы ауыл берекесінің сақталуына үлес қосты. Аудандық басылымның елдің мәселесін шешудегі табысты ісі Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзін еске түсіреді. Ауылдың берекесін арттыруға әркім осылайша үлес қосса, нұр үстіне нұр,  – деді осынау шараға арнайы келген ау-дан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов.

Айта кетейік, «Сырым елі» газетінің аталмыш жобасының сәтті жүзеге асуына әлеуметтік желінің
пайдасы аз болған жоқ. Жобаны қолдап, көпшілікті қайырымдылыққа үндеп, жүздеген оқырман әлеуметтік желілерде пікір білдірді. Олардың ішінде белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиев те бар. Дидардың Instagram әлеуметтік же-лісіндегі парақшасы арқылы «Га-зеттен жасалған үй» жобасының ауқымы айтарлықтай кеңейді.

Насихат нәтижесін берді. Жалғызбасты ана мен оның үш баласының басыбайлы баспанаға мұқ-
таж екенін білгендер шама-шар-қынша үлес қосты. Арнайы ашылған есепшотқа біртіндеп қаражат түсе бастады. Алғашқы қомақты қаражат – 50 000 теңгені Павлодар қаласында тұратын жымпитылық азамат, «BI — petroleum» ЖШС директоры Эдуард Исмағұлов ау-дарды. «Медпунктті мекендеген жанұя» атты мақала жергілікті газетте жарық көргеннен кейін келесі күні аудандық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық орталығы оқушылардың есеп беру концерттерінің билеттерін сатудан түскен 25 000 теңге редакцияға табысталды. Сырым ауданы әкімі аппаратының ұжымы мен ау-дандық төтенше жағдайлар бөлімі де қаржылай көмек ұсынды. Бір топ оқырман редакцияға аяқтай келіп, 54 мың теңгедей қаржыларын бе-ріп кетті.

Маусым айының ортасында арнайы есепшотқа түскен қаржы 630 мың теңгеге жетеді. Сөйтіп бұл
қаржының 300 мың теңгесі Көге-рістен 4 бөлмелі баспана алуға жұмсалады. Тиісті құжаттар реттелген соң Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкерлері жә­-
не «Сырым жастары» жастар қо­ғамдық бірлестігінің еріктілері Кө­геріс ауылына барып, Гүлмира Шәкірованың жаңа баспанасына жеңіл-желпі жөндеу жұмыстарын жасап берген.

«Сырым елі» газеті редакциясы қоныстойға көрімдік ретінде үйге көгілдір отынды тегін өткізу туралы сертификаты мен кілемді сый-ға берді.

–  «Газеттен жасалған үй»  жобасы бір реттік шара емес. Қазір біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған осындай тағы бір жанұяға көмек қолын созу мақсатындағы жұмысты бастап кеттік. Әзірге есепшотқа 150 мың теңгедей қаражат түсті. Осынау жобамызды қолға алудың түпкі мақсаты – «Сырым елін» ха-лықтық газетке айналдыру, беделін көтеру. Аталмыш жобаны бастағалы бері редакциямызға мәселе айтып, көмек сұрап келетін тұрғындар көбейді. Жергілікті атқарушы билікпен бірге ау-
дандағы әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуге аз да болса өз үлесімізді қосып жатсақ, тілегіміздің орындалғаны, – дейді «Сырым елі» газетінің бас редак-торы Бауыржан Ширмединұлы.

 

Сәкен   ӘБІЛХАЛЫҚОВ,

«Орал  өңірі»