2.07.2019, 0:24
Қараулар: 296
Жер орнына үй берілмек

Жер орнына үй берілмек

Теректі ауданының Подстепный ауылдық округіне қарасты Тоқпай ауылында қос қабатты 6 пәтерлік 20 үй салу жоспарлануда. Бұл үй «7-20-25» бағдарламасы арқылы қолжетімді болмақ.

Байқап жүргеніміздей, тұрғын үй құрылысы үшін алынған жерлерге салынатын үйлердің пішіні әр түрлі. Әркім өз жағдайы келгенше, яғни бірі биік коттедж тұрғызса, бірі уақытша шағын үй салады. Ал Тоқпайдан берілетін жер телімдері Орал әуежайының жолында орналасқан соң, үйлердің мұндай әр түрлі болғаны жараспайды. Облысқа келетін қонақтарға айналадағы көрініс әдемі де әсерлі болғаны жөн. Сондықтан да жаңадан салынатын үйдің қаздай тізіліп, эстетикалық талғам-мен салынғанын қалаймыз. Облыстық құрылыс басқармасына  екі қабатты шағын таун хаус үйлерді салуға ұсыныс берілген еді. Қазір екі құрылыс компаниясы үйлердің жобаларын жасауда. Жер кезегінде тұрғандарға сол дайын үйлерді ұсынбақпыз, – дейді аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Тайман Нұрғалиев.

Қазір бөлім мамандарының қо-лында Тоқпай, Подстепный, Юбилейный, Барбастау, Шаған ауылында жер кезегіндегі тұрғындардың тізімдері бар. Енді оларға  Тоқпай ауылында салынатын үйлер ұсы-нылмақ. Үй құнының алғашқы жиырма пайызын, ай сайынғы төлемін төлеген тұрғын 25 жылдан соң үйді жеке меншігіне алады. Қазір бұл пилоттық жоба болып отыр. Негізінен, халықтың мұндай әдіске деген ынтасы бар көрінеді. Егер осы  жоба жүзеге асатын болса, ол көпшілікке тиімді. Өйткені бұл жоба бойынша жиырма сотық жерге алты-жеті үй салынады. Әрі тұрғындар да дайын үйге орналаспақшы. Бұл жер
кезегіндегілердің санын да азай-туға мүмкіндік береді. Тоқпайдан салынатын  үйді  алатындар жер алудан бас тартатын болады. Бү-гінде аудан бойынша жер кезегінде тұрғандардың саны он мыңға жақындаған екен. Соның ішінде Подстепный ауылында жеті мыңға жуық адам кезекте тұр. Ал ол ауыл-дың  басынан  беретін  жер телімі жоқ.

Осы орайда тұрғын үй құры-лысына арналған жер телімдері бұрынғыдай жеке меншікке бірден берілмейтінін айта кеткен жөн. Үш жылға жалға берілетін жер теліміне сол аралықта үй салып болу керек. Қабылдау актісін жасағаннан кейін барып, жер жеке меншікке өтеді. Сонымен қатар аудан басшылары үй салғанда эстетикалық талғамға  талап қоюда. Яғни жерді үй салу үшін  алғаннан кейін шағын сарай сынды тұрғынжайлар тұрғызуға болмайды. Ауданда тұрғын үй салу мақсатындағы жер телімдері Ақ-жайық, Шаған, Юбилейный ауылдарынан  бастап берілуде. Жалпы, биыл «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй салу үшін 1329 жер телімін беру жоспарланып отыр.

Ал ауыл шаруашылық мақсат-тағы жерлер шаруаларға  конкурс арқылы берілуде. Мұндай конкурс қолданысқа енбеген кезде, ауыл шаруашылық жерлері  екі жылға жалға берілетін. Шаруалардың жұмысы өрге басқан жағдайда,  жалдау мерзімі 15-20 жылға ұзартылып келген еді. Өткен жылдың  мамыр айынан  бастап жер  конкурстық негізде бірден он жылға беріле бастады.  Бұл саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және электронды түрде көрсетілетін қызметтердің үлесін арттыру да назарға алынған.  Мәселен, zem.kz сайты арқылы жалпы көлемі 6,8133 га болатын 6 лотқа аукцион өткен. Нәтижесінде мемлекет қазынасына 1,6 млн. теңгеден аса қаржы түскен екен. Аталмыш сайттың тиімділігі сол, азаматтар үйлерінде отырып-ақ аудандағы бос жатқан жер учаскелерін әрі өздерінің кезегін біле алады.

Электронды конкурсқа қатысып, жер теліміне ие болған шаруаның бірі – Борис Гильмундинов. Богданов ауылдық округіндегі «Равиль» шаруа қожалығына жетекшілік ететін ол мал өсіріп, егін егуде. Бұған дейін шаруаның 250 га егістік жері болса, конкурс арқылы  500 га жайылымға арналған жерге қол жеткізген.  Қожалықта екі сауыншы мен үш тракторшы еңбек етуде. Олардың орташа жалақысы 40-50 мың теңге. Шөп шабу науқанында тағы да екі адам жұмысқа тартылмақ. Жұмысшыларына мал азығы-
ның белгілі бір бөлігін тегін, қо-сымша алғандарға арзан бағамен сатуда.

– Мал шаруашылығымен айналысып келе жатқаныма үш жыл болды. Жыл санап мал басын кө-
бейтудемін. Елу шақты ірі қара және ұсақ мал, құстар бар. Отыз сиырды сауып, сүт өнімдерін  Орал мен
Ақсай қалаларына апарып сатамыз. Ата-анам, жұбайым, інім  қожалықтың жұмысына атсалысып жүр. Жұмыс жоқ дегенді түсінбеймін. Өйткені жұмыс қай кезде де, қай жерде де бар. Ең бастысы, адамның талабы мен ниеті болу керек. Бала кезімізден ауылдағы тірлікті көріп өскен соң да шығар, шаруа қожалығының жұмысы таңсық емес. Мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде. Жер телімін электрон-
ды түрде алу жұмысбасты адам-дарға ыңғайлы да тиімді. Көп уақытыңды алмайды. Әрі бұрын жер жобасын шаруалардың өздері жасаған болса, қазір жер қатынастар бөлімі бюджет қаражаты есебінен дайындап береді. Мұндай қолдауды сезінген шаруалардың тірлігі тұралап қалмайды деп есептеймін, – дейді Борис Васильевич. Ол биыл 150 га жерге жаздық бидай мен 100 га еркекшөп еккен. Шаруа биылғы ылғал мол өнім алуға мүмкіндік береді деп отыр.

 

Ясипа   РАБАЕВА,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар