28.06.2019, 20:48
Қараулар: 116
Ақ Жайықтан Арысқа алғашқы көмек

Ақ Жайықтан Арысқа алғашқы көмек

Әскери қоймадағы жарылыстан зардап шеккендер үшін апта басында Оралдан Арыс қаласына 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк жөнелтілді. Азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте тұрмысқа қажетті заттар мен құрылыс материалдары тиелген жүк көліктері жолға  шықты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні таңертең Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, өңірде төтенше жағдай жарияланған еді. Арыс қаласына ҚР ІІМ әскери бөлімшелерінің қызметкер-лері мен техникалары жұмыл-дырылып, қала тұрғындары эва-куацияланған болатын.

Оқыс оқиғадан зардап шек-кен бауырларымызға арналған гуманитарлық көмек жөнелту алдымен «Белес Агро» ЖШС қоймасынан басталды. Бұл жерден Түркістан облысына аттанатын жүк көлігіне астық пен макарон өнімдері, шемекі май мен қал-бырлар (консервілер)  тиелді.

– Күні кешегі Арыс қаласында болған қайғылы оқиға бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Біздің облыс та бүкіл елмен бірге отандастарымызға көмек қолын созуға дайын.

Көмектің алғашқы легі аттанды. Бұл жүк көліктеріне балаларға арналған киімдер, гигие-налық заттар, ұзақ мерзімді сақталатын азық-түліктер мен құ-рылыс материалдары тиеледі. Қайырымдылық шарасына дәл қазір өңірдегі 15-тен астам ірі кәсіпкер көмек қолдарын созуда. Олардың қатары сағат санап артып келе жатқаны көңіл қуантады. Сонымен қатар сол жердегі халыққа қаржылай көмек көрсету мүмкіндігі де қарастырылуда. Көптеген ұжым өздерінің бір күндік жалақыла-рын аударатындықтарын ай-тып, хабарласып жатыр. Біздер, яғни өңірдегі мемлекеттік құ-рылымдар қызметкерлері де ерікті түрде аталған шарадан қалыс қалмаймыз. Сондай-ақ кез келген көмек түрін көрсе-темін деушілерге облыс орта-лығынан үш жинақтау бекеті жасақталды. Біріншісі «Nur  Оtan» партиясы облыстық филиалының ғимаратында орна-ласса, қалған екеуі Оқушылар  және жастар сарайы мен жастар ресурстық орталығы ғима-ратында жұмыс жасайды. Жарылыстан зардап шеккен ағайынға көмек көрсетемін деушілер болса, осы бекеттерге жолығуларына болады, – деді көмек тиеу орнына келген облыс әкімінің орынбасары Ға-бидолла  Оспанқұлов.

*  *  *

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақдәулет Ибрайымовтың айтуынша, бұл күні 12 тонна макарон, 6 тонна ұн, 2,5 тонна күнбағыс майы, 1,6 тонна консерві, кондитерлік өнімдер, 500 келі шұжық пен тауық еті гуманитарлық  көмек ретінде Арыс қаласына жөнелтілген. Сонымен қатар жергілікті ірі кәсіпорындар және сауда орталықтарының демеушілігімен гигиеналық заттар, балалардың тамақтары мен жаялықтары, балаларға тәттілер, 1 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 100 дана аяқ киім және  жаздық  киімдер  жиналған.

– «Nur  Оtan» партиясының облыстық филиалы Арысқа көмек шараларын қолға алды. Бұл іске «Жас Отан» жастар қанаты және бастауыш партия ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы үн қосуда. Отан-дастарымыз  әрқашан бірлігін көрсетіп келеді. 2011 жылы біз-дің өңірде су тасқыны болған уақытта еліміздің әр түкпірінен көмек алып, еңсемізді тіктедік. Сол сияқты арыстықтар да біздің қолдау-көмегіміз-ді сезінсе екен,  – дейді «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынба-сары  Серік  Сүлеймен.

Арыстағы ағайынға көмек қолын созған кәсіпорындардың қатарында «Белес Агро», «Же-лаев нан өнімдері», «Теректі май комбинаты», «Кублей»,  «Жайық ет», «Орал трансформатор зауыты», «KazStepServices», «Батыс Продукт» компаниялары мен «Алтындар», «Жәңгір  хан»  сауда  үйлері  бар.

Сондай-ақ облыс әкімдігі-нен бастап, мемлекеттік меке-мелердің қызметкерлері, оқу орындарының профессор-оқытушы құрамы, кәсіпорын қыз-меткерлері бір күндік жалақыларын облыс әкімдігінің жаны-нан ашылған «Түркістан» кор-поративтік әлеуметтік даму қо-рына аударуда.

Нұрбек  ОРАЗАЕВ,

Темірболат  ТОҚМАМБЕТОВ,

«Орал өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар