28.06.2019, 20:47
Қараулар: 90
Инспекциялау жұмысы өтті

Инспекциялау жұмысы өтті

Сейсенбіде «Жайық Пресс» медиахолдингінде Еуропадағы қарулы күштер туралы келісім бойынша Канада өкілінің бастауымен Ұлыбритания, Испания Корольдігі, Чех Республикасы, Германия Федерациялық Республикасы және Америка Құрама Штаттары мемлекеттері инспекторларының қатысуымен брифинг өтті.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбаса-ры Асылан Досжанов көп ұлтты инспекциялық топтың өкілдеріне «Ақ Жайық жеріне қош келдіңіздер!» дей  келе, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, жағырапиялық ерекшеліктерімен  таныстырды.

Жиында мәлім болғандай, бұдан екі жыл бұрын Канаданың басшылығымен Ұлыбритания, Испания, Чехия,  ГФР, АҚШ мемлекет-терінен келген инспекторлар Қазақстанның Жайық өзенінің батыс жағына қарай, еуропалық бөлігіне, яғни Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісімдегі аталмыш аумаққа инспекция жасаған. Жалпы, инспекция жасаудағы мақсат – еуропалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісімде көрсетілген және шектеу қойылған қару-жарақтың, әскери техниканың  бар-жоғын  тексеру.

Басқосу барысында инспекция жасаушы топ өкілдері  жер жағдайы, күштік құрылымдар мен жергілікті биліктің байланысы жа-йындағы сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Инспекция жасаушы топ Нұр-Сұлтан қаласына келісімен, жол бастайтын қазақстандық топқа Батыс Қазақстан облысындағы Орал қаласы маңындағы аумақтың координаттары көрсетілген хабарламаны табыс еткен. Аумақтың жалпы ауданы 63,5 шаршы шақырымды құрайды, яғни келі-сімнің шарттарында көрсетілген (65 ш. км) көрсеткіштен аспайды. Инспекция жасалатын аумаққа  инспекциялаушы топ әуе ұшағы-мен жеткізілген. Инспекциялау жұмысы аяқталысымен оның қо-рытындылары жөнінде ресми есеп жасалып, екі тарап өкілдері қол қойған. Онда көрсетілген аумақта Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының қару-жарағы мен техникасының биылғы 1 қаңтардағы ұсынылған мәліметіне сәйкестігін, аталмыш келісімде көрсетіл-меген бөгде техниканың, қару-жарақтың жоқтығы баяндалып, Қазақстан Республикасының Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы келісімнің халықаралық талаптарын орындап отырғаны расталған.

Көп ұлтты топ басшысы, Канада мемлекетінің өкілі, подполковник, инспекцияның аға офи-цері Франсуа Касолдың және бұл шараға қатысушылардың айтуынша, инспекция жасау жұмыстары өзара түсіністік және әріптестік жағдайында өтіп, келісімшарттар-ды бұзу жағдайлары орын алмаған. Сондай-ақ өзге де мемлекеттердің өкілдері ҚР Қорғаныс министрлігінен жол бастаушы топ өкілдеріне бірлескен жұмысты орындаудағы көмектері үшін ризашылықтарын білдірді. ҚР Қару-лы күштерінің, облыс әкімдігінің өкілдері инспекция жасау жұмыс-тарының жоғары деңгейде өткен-дігін атап көрсетті.

Жиынға қатысушылардың ай-туынша, бұл – 1996 жылдан бе-рі Қазақстан жерінде өткізілген жиырма бесінші инспекциялау жұ-мысы.

Гүлбаршын   ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар