28.06.2019, 20:45
Қараулар: 418
БІЗДІҢ ГРОССМЕЙСТЕР

БІЗДІҢ ГРОССМЕЙСТЕР

Жүз жылдан астам тарихы бар «Орал өңірі» газеті редакциясына, тіпті көптеген тұрақты оқырманға «Сырекең» деген атпен танымал Сырымбек Жәрдемұлы – өз ісін шебер меңгерген кәсіби журналист қана емес, шахмат ойынының жілігін шаққан майталман.

Күнделікті жұмыстан қолы қалт еткенде, шахмат ойнауға қарсылас іздейтін әріптесіміз күні кеше БАҚ өкілдері арасында өткен спартакиадада бас жүлдені иеленді.

Төл мереке қарсаңында бас-пасөз саласында 40 жылға жуық еңбек етіп жүрген Сырекеңді бұл жолы шахматтың шебері ретінде оқырмандарымызға таныстыруды жөн көрдік.

Ағамыз сонау 1960 жылдың күзінде сол кездегі Фурманов ауданында өмірге келген. Әкесі Жәрдем Тұяқов ұзақ жыл аудандық газет редакциясында қызмет еткен елге танымал азамат болатын.

– Бесінші класта оқып жүргенімде әкем шахмат ойнауды үйреткен еді. Сол кезден бастап бұл ойынға қызығушылығым артып, мектепішілік жарыстарға қатысып жүрдім. Кейін 7-сыныпта оқып жүргенде аудан оқушыларының құрама командасы сапына алындым. Бізді мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ беретін Бауыржан Хайруллин есімді ұстазымыз жаттықтыратын. Облыстық деңгейде өткен додада жақсы ойын өрнегін көрсетіп, Орал қаласы командасынан кейінгі екінші орынды иелендік.  Бұдан соң да мектеп құрамасы сапында облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрдік. Адамның ой-өрі-сін машықтандыратын әлемдегі ең танымал спорт түріне деген қызығушылығым сол шақтардан басталды, – дейді Сырымбек Жәрдемұлы.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, мектепті тәмам-дап, арнайы білім алған кейіпке-ріміз 1981 жылы әке жолын қуып, аудандық газет редакциясына қызметке кіріседі. Бұл ұжымдағы ал-дыңғы толқын ағалар да жұмыстан бос уақыттарында шахматты сүйіп ойнайды екен. Тіпті сол кездегі бір мектепте оқыған қатарластарының да бар ермегі осы ойын болыпты. Редакцияда жұмыс істей жүріп, пионерлер үйінде фотосуретке түсіру мен шахмат үйірмелерін жүргізген.

– Сол жылдары оқу бітіріп немесе әскер қатарынан келген құр-бы-құрдастар бас қосқан жерде шахмат ойнайтынбыз. Әр түрлі салада жұмыс істейтін Серік Молдағалиев, Баян Дүйсенғалиев, Бауыржан Арыстанғалиев секілді достарыммен таң атқанша өзара жарыс ұйымдастыратынбыз. Жалпы, сол кезде шахмат ойнамайтындар кемде-кем болатын. Менің достарымның ортасы да, ұжым да осы ойынға мықтап ден қоятын. Кейін облыстық газетке қызметке орналасқанда да шахмат-шылардың ортасына тап болдым.

Сол уақыттағы облыстық газеттің бас редакторы Бақтыбай Дала-баев, Жүсіпкерей Нұртасов, Серікқали Сәрсенов, Тихон Әліпқали, Дайыр Досаев, Қуаныш Исағалиев сияқты ағаларымыз шахматты шебер ойнай-тұғын. Ағалардың қатарын Ғайсағали Сейтақ, Мақсот Ізімов, Ғабит Молдамұра-тов, Серікқали Хасанов, Таңатар Төлеуғалив секілді жас толқын толықтырдық. Облыстық деңгей-де өткен турнирлердің қай-қайсы-сынан да редакция командасы жүлделі орындардан көрініп жүр-ді. Облыстық газетте «Ақ ладья» деген арнайы бұрыш болатын. Шахматқа деген әуестігімді бай-қаған газеттің бас редакторы бұл бұрышты жүргізуді кейін ма-ған жүктеді. Осы бұрыш арқылы көптеген оқырманмен жанды байланыс орнаттық-ау деймін. Бірнеше жылдан соң бұл жобаның атауын өзгертіп, газет бетінен «Аттың жүрісі» деген арнайы айдар аштым. Осы бір шағын айдар арқылы шахмат ойынының бұқаралылығын арттыру мақсатында түрлі жарыстар ұйымдастыратынбыз, – деп еске алады Сырекең.

Шахматты сүйіп ойнайтын ол бүгінде облыста өтетін сайыстардан қол үзбеуге тырысады. Әсіресе, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын Орал телестудиясының тұңғыш басшысы Нау-рызғали Сыдықовтың жүлдесіне арналған турнирде жүлделі орын-дарға ие болып жүр.

– Заманына қарай шығар, өмірде болсын, қызмет бабында болсын, шахмат ойынын сүйіп ойнайтын ортаға тап болғаныма қуана-мын. Қазіргі жастар да шахматты мүлдем ойнамайды деп айта алмаймын. Дегенмен техника мен технологияның дамыған заманында жастар компьютерге, смарт-фондарға көбірек көңіл бөлетіні жасырын емес. Адамның ойлау қабілетін арттыруға зор ықпалын тигізетін ойынға жастарымыз кө-бірек көңіл бөлсе екен деймін, – дейді кейіпкеріміз.

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар