28.06.2019, 20:38
Қараулар: 326
Едіге күйшінің еңсесі биік

Едіге күйшінің еңсесі биік

Жуырда Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында белгілі күйші, республикалық «Үкілі домбыра» байқауларының жүлдегері, домбыра жасау шебері Едіге Нәбиевтің шығармашылық кеші өтті.

«Өрісті өнер өнегесі» атты шара күйшінің 70 жасқа толуына орайластырылды.

Мерейтой иесін өңір басшысы Ғали Есқалиевтің атынан облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов  құттықтады.

– Талант қашанда талант. Едіге Қуанғалиұлы жас кезінде спорт саласында дендеп қызмет етсе де, бойындағы дарынын жоғалтпай,  кейін өнерге бет бұрды. Бүгінде әнші-жыршылық өнері өз алдына, елге танымал дәулескер күйші, республикалық «Үкілі домбыра» байқауының бірнеше мәрте лау-реаты атанған домбыра жасау шеберіне айналды. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның құдіретін де кейінгі ұрпаққа жеткізіп келе жатқан осындай бірегей тұлғалар екені анық. Ұмытылып бара жатқан күйлерді қайта тірілтіп, баппен орындайтын Едіге аға-мызды бәріміз де құрмет тұтамыз, – деді  Ғабидолла  Абдоллаұлы.

Кеш барысында Едіге Нәбиев-тің шығармашылығына арналған «Өрісті өнер өнегесі» атты жаңа кітаптың  тұсауы  кесілді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен кітапты құрастырған-дардың бірі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, профессор Кәрима Сахарбаева болса, екінші автор – оралдық журналист  Нұртас  Набиоллаұлы.

Алматыдан арнайы келіп, шараны жүргізген Кәрима Сахар-баеваның мәлім еткеніндей, кітап үш бөлімнен тұрады. «Өнерден өнеге» бөліміне, негізінен, күйші туралы материалдар енгізілді. «Бабадан аманат» бөлімінде Едігенің әкесі, заманында өзі де домбыра шертіп, жыр төгілткен Қуанғали Нәбиұлының мұрасы топтастырылды. «Күй күмбезі» бөліміне Едіге Қуанғалиұлы тартатын күйлердің түсініктемелеріне қоса  ноталары  берілді.

– Едіге 1978-1982 жылдары Алматыда жүрген кезінде оның әншілік талантын таныған Ғарифол-ла Құрманғалиев эстрада-цирк колледжіне шақырды. Ғазиза Жұбанова Қазақ консерваториясында оқығанды қолай көрді. Әйтсе де, ол сол кезде республиканың  спорт саласында лауазымды қызметтер атқарды, соның ішінде Қазақстан бойынша одақтық олимпиадалық резерв жаттықтырушы-сы, әдіскері болып, спортшыларды Мәскеу Олимпиадасына баптап апарушылардың қатарынан табылды. Дегенмен тектен, ата-бабадан қанға сіңген талант жарып шықпай қоймайды екен.

Ол – құймақұлақ күйші, орындау-шылық шеберлігі ерекше, қуып емес, домбыраны бипаз, сырбаз тартады. Бұл кітапқа сирек орын-далатын, сонымен қатар жаңа күйлер енгізілді. Мұны Едігенің қазақ өнеріне қосқан үлесі деуге толық болады. Сонымен қатар ол – домбыра жасау шебері. Қазақта қазір өзі домбыра жасайтын, өзі күй орындайтын Едіге ғана. Өткен жылы Құрманғазының 200 жылдығы аясында күйші домбы-расының көшірмесі мен Ерғали аспабының түпнұсқасын Алматы-ға әкеліп, Ықылас атындағы ас-паптар мұражайына тапсырып, өзі концертте орындаған күйлері арқылы көпшілікті мойындатуы оның сирек өнер иесі екендігін танытады, – деді Кәрима Сахарбаева.

Шара барысында К. Сахарбаева Едіге Нәбиевке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры атағы берілгенін айтып, дипломын табыс етті.

Шынында да, бұл күй күмбірлеген кеш болды. Едіге күйлерді өзіне тән мәнермен орындай білді. Ол әдетте өзі орындайтын шығармалардың тарихын айта кеткенді жөн көріп отырады. Мысалы, Ақбикештің «Айнам қалды» күйі қыздың мұңы болса, сүйгенінен айырылған Соқыр Есжанның «Қош аман бол, Ақбикеші» жігіттің зары іспеттес. Байдың қамшысы тиіп, бір көзі соқыр болып қалғандықтан, Соқыр Есжан атанып кеткен күйшінің «Соқыр Есжаны» кейін атақты композитор Мұқан Төлебаев «Біржан-Сара» операсында қолданғандықтан, шетелге де танылған туындыға айналды. Міне, осы үш күйді қатар орындаған Едіге Нәбиев махаббатты аяқасты еткен сол қатыгез заманды  елестеткендей  болды.

Зерттеуші Кәрима Сахарбаеваның пайымдауынша, «Айнам қал-ды» күйін кезінде Батыс Қазақстанға белгілі болған, күйшілер әулетінің бәйтерегі Есел Қазиевтей, тіпті одан күрделірек орын-дайтын Едіге Нәбиев қана. Басқа  да туындылардан Есел Қазиев сынды ескі де есті күйшілердің сарыны байқалып тұрды.

Бұл күні филармонияға келген халық күймен сусындады, күймен тыныстады. Күймен де халық рухын көтеруге болатынын терең сезінді.

Едіге Нәбиевті мерейтойымен замандастары, белгілі әнші, Қазақ-станның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бердіғалиев, таны-мал күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ермек Қазиев және басқалар құт-тықтап, көрермен көңілінен шыққан туындыларды орындап берді.

Қазіргі таңда Едіге шебер жаса-ған домбыралар көптеген өнер-паздың қолында жүр. Сол аспаптың біреуімен орыс қызы По-лина Ищенконың күй төгілтуі соның айқын дәлеліндей көрінді.   Бұл кеш күй деген қазақтың ұлы мұрасының мәңгілік өшпейтіндігін  тағы  бір паш етті.

Шара барысында Е. Нәбиевке «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төсбелгісі, сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан Күйшілер одағының №7 мүшелік билеті  де  тапсырылды.

Ғайса  БӘЙМЕН

Суреттерді  түсірген Асқар  БЕКШОРИН