28.06.2019, 20:31
Қараулар: 331
Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті

Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті

x-default

 

ҚР Үкіметінің қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

(2019 жылғы 25 маусым, №431, Нұр-Сұлтан, Үкімет үйі)

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ етеді:

  1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2017 ж., №53, 343-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесінде:

мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

«6-1. Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні – 17 мамыр»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні – 28 маусым».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі                                                 А. МАМИН

www.inform.kz

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар