26.06.2019, 14:48
Қараулар: 350
Азаматтық қорғау қызметкерлері су айдындарында рейдтерді жалғастыруда

Азаматтық қорғау қызметкерлері су айдындарында рейдтерді жалғастыруда

         Жаз мезгілінде көптеген адамдар су айдандарында демалуды тандайды. Алайда, суда сақтықтың керек екендігіне және оның арты қайғылы оқиғаларға әкелеріне көңіл бөле бермейді. Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін БҚО ТЖД Бөрлі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі мен Өрт сөндіру бөлімінің 8, 9-өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері суға түсуге тиым салынған жерлерге рейдтер ұйымдастыруды жалғастыруда. Демалушыларға су қауіпсіздігі ережелерін  түсіндіріп,   алдын алу көрнекілік материалдарын ұсынып, суға кеткен адамдардың статистикасымен таныстыруда.

         Басты назар балаларда, себебі балалар жазғы демалыста үлкендердің қарауынсыз қалады.  Азаматтық қорғау қызметкерлері ата-аналарға әрдайым балаларының қай жерде және кіммен жүргендерін қадағалап, өзен-көлдерге шомылуға ересектерсіз жібермеулерін ескертеді.

         Қауіпсіздік ережелері қарапайым, қауіпсіз шомылу орнын және уақытын дұрыс таңдау, шомылу кезінде ойын ойнамау, тамақтан кейін  және алкоголь ішіп суға түспеу, сонымен қатар әлсіздік, жүрегі айну, ыстықтау немесе тоңу сезімдері болса, суға шомылмау.  Кішкентай балаларды өзен-көл маңында және суда қараусыз қалдырмау.

         Әр адам өз қауіпсіздігі өз жауапкершілігі екенін есте ұстауы тиіс.

БҚО ТЖД Бөрлі ауданы ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау майоры

А. Идалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар