21.06.2019, 14:53
Қараулар: 272
 Дала өртіне жол бермейік

 Дала өртіне жол бермейік

Жаңақала ауданының ТЖ бөлімімен Жаңақала ауданының әкімдігінде дала алқаптары өрттерінің алдын алу мақсатында аудан, және ауылдық округ әкімдерін қатыстыра отырып, аудан аумағында орналасқан шаруа қожалықтарының басшыларымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша «дөңгелек үстел» отырыстарын  ұйымдастырылып өткізілді.

Аталмыш  іс-шараларды өткізу барысында ауылдық округ әкімдері мен шаруа қожалық басшыларына өртке қарсы минералды жолақтың болуына, шоқ басқыш құрылғыларымен қамтамасыз етілмеген ауылшаруашылығы техникалардың кіруіне қатаң түрде тыйым салуына және ерікті өрт сөндіру құрылымдарының құрылуына басты назар аудару қажеттілігі ескертілді.

Бұдан басқа, объекті басшыларына өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілгендігі туралы ақпарат жеткізіліп, оларды мүлтіксіз орындау қажеттігі жөнінде түсінік пен ұсыныс берілді.

Өрт туындаған жағдайда мемлекеттік өртке қарсы қызметке тез арада хабар беруге басты назар аударылды. Жиналғандарға үгіт-насихат материалдары, яғни жадынамалар, нұсқаулықтар таратылды.                      

 Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

Жаңақала ауданының ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

Е.Мамаев