21.06.2019, 14:50
Қараулар: 337
«Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

«Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі»

БҚО кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты семинар-тренинг өтті.

Шара БҚО тілдерді дамыту басқармасы мен БҚО кәсіпкерлер палатасының көрнекі ақпарат са-
ласындағы ынтымақтастығын дамыту және өзара түсіністікке ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.

Семинар барысында ҚР мемлекеттік бағдарламаларын аймақта жүзеге асыру, қолданыстағы заң-намаға сәйкес әдістемелік көмек көрсету, көрнекі ақпарат және жарнама саласындағы мәтін са-уаттылығын сақтау мәселелері айтылды.

Атап айтқанда, Теректі ауданы Шаған ЖОББМ-ның педагог-психологі Юлия Шыныбекова «SMART – мақсат» атты тренингінде кәсіпкерлерге әр істе нақты мақсат қоя білу және ұтымды қадамдар арқылы нәтижеге жету жолдары туралы әңгімелесе, БҚО тілдерді дамыту басқармасының мамандары «Көрнекі ақпараттар мен жарнамаларда тіл нормаларының сақталуы» тақырыбында мағлұмат берді. «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері Айгүл Имашева «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары» жайлы, ал «Қазпошта» АҚ БҚО филиалының мамандары аталмыш мекеменің қызметін пайдалануға қатысты «Заңды тұлғалар үшін халықаралық поштамен жөнелту және эквайринг», сондай-ақ «Қазпошта» акционерлік қоғамынан франчайзинг» тақырыптарында ақпараттар ұсынды.

Нұртас  НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар