21.06.2019, 11:35
Қараулар: 150
3 млн. теңге кімге бұйырады?

3 млн. теңге кімге бұйырады?

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған «ӘREKET» жобасына өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына екі апта қалды.

Айта кетейік, «ӘREKET» гранттар байқауы әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін үздік бизнес-жобаларды анықтауға арналған жобаларды біріктіреді. Оны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асыруда. Қор тек гранттар бөліп қоймай, коммерциялық емес ұйымдарды (КЕҰ) бизнес пен маркетингтің қазіргі заманғы құралдарын қолдана отырып, өз бетінше қаржы табуға да үйретеді. Соған орай маусым айының басында КЕҰ арасында «ӘREKET» гранттар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Ол 30 маусымда аяқталады. Гранттың жалпы қоры 150 млн. теңгені құрайды.

Өтінім беру үшін КЕҰ өкілдері «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтындағы «Құжаттар» бөлімінде көрсетілген құжаттар пакетін жинауы қажет. Өтінімді электронды түрде (PDF форматы) areket.skt@gmail.com поштасына жіберу керек.

Бірінші кезеңде келіп түскен өтінімдер жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі, сондай-ақ жоба бағытының КЕҰ-ның жарғылық мақсаттарына сәйкестігі, қызметкерлер командасының болуы, әлеуметтік проблеманы шешудегі шынайылығы мен бірегейлігі тұрғысынан қаралатын болады. Өтінімдерді талдап, мұқият зерделегеннен кейін барлық талапқа сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар іріктелетін болады. Іріктелген үміткерлер екінші кезеңге өту туралы хабардар  етіледі. Онда оларға толық өтінім беру қажет болады. Екінші кезеңде өтінімдерді іріктейтін арнайы құрылған комиссия болады. Оған мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторларының сарапшылары кіреді. Іріктеудің басты критерийінің бірі – КЕҰ ұсынған жобаның нақтылығы мен өміршеңдігі. Ал байқаудың үшінші кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік кәсіпкерлік негіздеріне үш күндік оқыту жүргізіліп, одан кейін үміткерлер комиссия алдында әлеуметтік кәсіпкерлік бойын-ша өз  жобаларын  қорғайды.

Жеңімпаз деп танылғандар өз ісін дамытуға 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде грант алады. КЕҰ шарт жасалған күннен бастап 9 ай ішінде жобаларын іске асырулары қажет.

Мәди   ЫҚЫЛАС

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар