21.06.2019, 11:23
Қараулар: 293
Тоқтап  қалған   аттракционнан  18  адам  құтқарылды

Тоқтап  қалған   аттракционнан  18  адам  құтқарылды

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағында айналып тұрған аттракцион тоқтап қалды.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға 19 маусым күні сағат 20.25-те болған. Істен шыққан аттракционда адамдар болған. Оларды құтқаруға жедел құтқару жасағынан 8 қызметкер, 2 техника, департаменттен 10 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды. Басқа да қызметтердің күштері келіп жетті.

Барлығы 18 адам құтқарылса, соның алтауы — бала.

«Айта кетейін, автобаспалдақтың өтуіне саябақта тұрған автокөліктер кедергі келтірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ», – деді газет тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен Жәдігер Құсайынов.

Арман  БОЛАТҰЛЫ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар