17.06.2019, 20:20
Қараулар: 152
Арықтарда антисанитария

Арықтарда антисанитария

Орал  қаласы  әкімдігінің  назарына!

Орал қаласының Құрманғазы және Жаһанша Досмұхамедов көшелерінің қиылысындағы арықтардың бүгінгі таңдағы сиқы осындай (суреттерде).

 

Ел-жұрт жаяулатып жиі жүретін, көпшілік мол шоғырланатын орталық «Мирлан» базарының маңайы бұл. Редакциямыздың қызметкері осы маңдағы арықтардың тазаланбаған қоқыстары ылғал араласып, айналаға күлімсі иіс таратып тұрғанын жаз басталысымен-ақ байқаған еді. Содан бері бірнеше апта өтсе де, қалыптасқан келеңсіз жағдай еш өзгермеген. Әсіресе, Құрманғазы көшесін жолдың базар бетімен бойлай жүретіндер үшін Арбат пен Ж. Досмұхамедов көшесінің аралығынан өткен кезде айтарлықтай ыңғайсыздық туындайды. Арық суы мол жолдың келесі бетінде де жасыл түсті лайдан тас ернеулердің базданып, балдырланып, антисанитарлық жағдайдың өршіп тұрғанын анық аңғарасыз.

Тұрғындардың денсаулығы мен шаһардың тазалығына тікелей жауапты құзырлы мекемелер осынша уақыт өтсе де, қарапайым мәселені шешуге келгенде не себепті құлықсыздық танытады? Әлде аталмыш мәселе әлі күнге дейін тиісті мекемелердің назарына  ілікпей отыр ма екен?..

Нұртас   НАБИОЛЛАҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар