13.06.2019, 20:37
Қараулар: 285
ЭНТЕРОБИОЗ туралы не білеміз?

ЭНТЕРОБИОЗ туралы не білеміз?

Гельминттер – адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардан туындаған дерт – гельминтоздар деп аталады. Солардың ішінде балалар арасында жиі кездесетіні – энтеробиоз ауруы.

Энтеробиоз – ішек құрттарынан туындаған адамның паразиттік ауруы.

Бұл құрттың ұзындығы бар болғаны 0,5-1 см, ақ түсті, құйрығы үшкірленгендіктен, «үшкір құрт» деп аталады. Тоқ ішекте және ащы ішекте болады. Балалар ұйқыға кеткен кезде үшкір құрттарға ауа қажет болып, ішектен шығып, 15 000 жұмыртқасын шығарады, ал 4-5 сағаттан кейін жұмыртқа жұқпалы болады. Ауруды таратушы тек қана науқас адам. Үшкір құрттар жұмыртқаларымен іш киімдер мен төсек орындар арқылы таралады. Жұмыртқалары еденде, кілемде болуы мүмкін. Шаңмен қабырғаларға, ойыншықтарға, тамаққа түседі.

Бұл жерде жұмыртқаның өсіп-өнуіне адам денесінің  35-37 ºС, ауа температурасының 23-40 ºС және жоғары ылғалдылықтың 90100% керек екендігін ескеру керек. Сондықтан отбасы мүшелерін, ұжымды тез емдеуге кірісу керек және жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, денеге тығыз тұратын іш киім киіп, 1-2 ай бойына төсек орынды ыстық үтікпен үтіктеу қажет.

Ішектен шығып, денемен жылжып отыратын құрттар қышу туғызады. Соның салдарынан дене бөртіп, ұйқысыздық, ашушаңдық пайда болады. Науқастың іш ауруы, жүрек айнуы, құсуы, іш өтуі, бас ауруы, тәбет болмауы мүмкін. Балалар түнде мазасызданып, аяқтарымен тепкілеп, қуықтары ұстамай қалады. Дұрыс демалмаған баланың есте сақтау қабілеті бұзылып, оқуы төмендеп, ашушаң болады. Егер де энтеробиозды уақытында емдемесе, ол өзінің жұқпалылығына  қарай жылдар бойына созылады. Энтеробиоздың белгілері «ұсақ жіп тәріздес ақ құрттар» байқалысымен, өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге инфекционистке, терапевтке, педиатрға қаралыңыз. Ба-лабақша мен мектептегі мейірбикелер оқушылар мен бүлдіршіндерді құйрықтан соскоб алу арқылы арнайы тексереді. Соскобты таңертең немесе күндіз ұйқыдан тұрғаннан кейін, дәретханаға бармастан бұрын және жуынбастан жасаған дұрыс. Өйткені, үшкір құрттардың жұмыртқалары кіші дәретпен, сумен жуылып кетіп, анализ дұрыс болмай шығады. Сондықтан гельминтоздардың алдын алуда, әсіресе, балалар арасында жеке бас гигиенасын сақтау өте маңызды.

У.   ШАПЕНОВА,

Орал қалалық қоғамдық денсаулық  сақтау  басқармасының  бас  маманы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар