13.06.2019, 20:15
Қараулар: 345
Шуақты жандар өмірімді нұрландырды

Шуақты жандар өмірімді нұрландырды

Уақыт өткен сайын менің өмірім жақсылықтар мен жағымды жаңалықтарға толып жатқаны көңіл қуантады. Өмір неткен ғажайыпқа толы десеңізші! Өмірдің қуанышы мен қиындығы қатар жүреді деген сөздің мағынасын енді түсінгендеймін. Себебі, өмір бір күлдіріп, бір жылатады екен.

Мен жақында Ораза айт мерекесінің алғашқы күнінде армандап жүрген сыйлықтың иесі атандым. Өзімнің іс тігуден аз-маз хабарым бар. Бірақ іс машинасын сатып алу мен үшін мұң болатын. Соны сезгендей, «DAMU» кәсіпкерлікті қолдау қоры маған іс тігетін құрылғыны сыйға тартты. Өмірде біз секілді жылаған жүректерге жылу сыйлап жүрген мейірімді адамдар аз емес.

Менің «DAMU» қорының басшылығына ризашылығым шексіз. Қуанышқа толы бұл күн маған жігер сыйлады. Күндіз-түні көзінің жасы тыйылмайтын ерке қыз қайта оянды.  Соңғы жылдары менің өмірімде болып жатқан жақсы өзгерістерден өмірім нұрлана түсуде. Ендігі жерде маған өмірден түңіліп, мұңаюға жол жоқ екендігін ұғындым. Өйткені, айналаңда сені түсінетін, қолдайтын жандар барда өмір тамаша!

Жанерке   ЕРБОЛҚЫЗЫ,

І  топ  мүгедегі,

Бәйтерек   ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар