10.06.2019, 22:29
Қараулар: 212
Енді жоғары кернеулі бағанды құлату қалды ма?..

Енді жоғары кернеулі бағанды құлату қалды ма?..

«Батыс  Қазақстан  электр  желілерін  таратушы  компаниясы»  АҚ   басшылығының  назарына!

Біздің кейбір іс-әрекетіміз кейде ағаштың өзі отырған бұтағын өзі кескен Қожанасыр жарықтықтың тірлігіне ұқсайды. Мәселенки, мына фотосуреттерде Орал қаласының маңындағы Анискин көлінің медколледж тұсындағы қабағы бейнеленген.

Осы тұстан әзірге кім екені белгісіз, экскаватормен опырып, топырақ алуда. Соның кесірінен тура сол қабақтағы жоғары кернеулі бағанға қарға адым жер ғана қалған. Бұл шамасы, бірлі-жарым кісінің жеке-дара әрекеті емес. Өйткені, біз осыдан бірер күн бұрын сол маңнан өткенде ауыр техниканың жаңадан түскен ізі сайрап жатыр.  Демек, әлдебір кәсіпорынның басшылығы өзде-рінің коммерциялық-өндірістік қажеттілігі үшін біраз адамның өмі-ріне қауіп төндіріп отырғанға ұқсайды. Олай дейтін себебіміз, «Жаман айтпай, жақсы жоқ» дегендей, оның бетін аулақ қылсын, әрине, алда-жалда электр тогынан айырылмаған жоғары кернеулі баған құлайтын болса, Құдай сақтасын!..

Өз   тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар