10.06.2019, 22:16
Қараулар: 182
Екі күнде екі адам суға кетті…

Екі күнде екі адам суға кетті…

Маусымның 7-сі күні 1999 жылы туған азамат Орал қаласы Елизаров көшесі маңындағы Жайық өзенінің жүзуге жабдықталмаған орнында суға түскен. Марқұмның денесі кеше 18.30-да табылды. Мұндай оқиға 8 маусым күні де орын алған болатын.

Шаған өзеніне мас күйінде суға батып кеткен 50 жастағы азаматтың мүрдесі Орал қаласының Самал-3 шағынауданы маңынан табылып, судан шығарылды. Бұл оқиғаға байланысты жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері, бір жүзу құралы мен бір техникасы тартылды.

Жыл басынан бері облыс аумағында суға батудың 12 фактісі тіркелді, соның үшеуі – кәмелетке толмағандар. Былтыр бұл аралықта 10 суға бату фактісі тіркелсе, оның екеуі бүлдіршін болатын.

Шомылу барысында қайғылы оқиғалар орын алмау үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау шарт:

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде камераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатқан катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
  • Суда тентектік жасауға жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Есте сақтаңыз! Төтенше жағдай орын алған кезде «112» және «101» нөмірлеріне хабарласу қажет.

Облыстық   төтенше   жағдайлар   департаментінің  ішкі  және  сыртқы   коммуникациялар  тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар