6.06.2019, 10:45
Қараулар: 174
Оралда екі жүзу құралының иесіне айыппұл салынды

Оралда екі жүзу құралының иесіне айыппұл салынды

ТЖ департаментінің қызметкерлері мен  БҚО Көлік қадағалау қызметкерлері бірлеcіп  жаппай демалу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізуде. Басты назар судағы қауіпсіздікке бөлінген. Осы жылдың 1 маусымындағы «Балаларды қорғау» күнінде  өткізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде  Киров атындағы саябағындағы Шаған өзенінде  екі кішігірім жүзу құралында пайдалану ережесінің бұзушылығы, соның ішінде адам өлімі мен жарақат алуға әкеліп соғатын, көрсетілген талапқа сай емес және де құтқару құралдарынсыз (құтқару жилеті, шеңбер және т.б.) адам тасымалдау анықталды. Адам өлімі мен жарақат алу қаупін болдырмау мақсатында Көлік қадағалау  инспекция қызметкерлері  жүзу құралдары иелеріне  жалпы сомасы 37875 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл салды.

БҚО жүзу құралдары иелері қаперіне  ТЖД қызметкерлері тарапынан  жүзу құралдарын толықтай құтқару құралдарымен жабдықтауды ұсынады.

Кіші өлшемдегі жүзу құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

  1. Жүзу алаңындағылардың барлығы құтқару жилетін киюі (болуы) тиіс;
  2. Жүзу құралын лақтырған кезде, ол қалқып жүзіп жүрсе, одан алшақ кетуге болмайды, қажетінше жүзу құралының жанында болып, оны құтқарушылардың  тірегі  және бағыттаушысы ретінде пайдалану;
  3. Кез келген жағдайда жүзу құралының командиріне барлығы сөзсіз бағынуы тиіс, ал командир жоқ кезде қызметі жоғары немесе жасы үлкен қызметкерлер оның жұмысын атқаруы керек;
  4. Экстремалды (шұғыл) жағдай кезінде жүзу құралының аға қызметкері адамдарды құтқару үшін шаралар қолдануға міндетті және олардың іс-әрекеттеріне жауапкершілік алады;
  5. Спорттық шаралар мен су мерекелерін өткізуді қоспағанда бірнеше ретпен қозғалуға рұқсат етілмейді;
  6. Жүзушілерді жарақаттамас үшін жүзу алаңынан өткен кезде барынша сақ болу керек.

Тыйым салынады:

  1. Отырғызу кезінде бортта тұруға және отыруға;
  2. Жүзу құралына жүкті шамадан тыс толтыруға;
  3. Жүзу құралдарын желдің күші 10 м/с баллдан артық болғанда, маңызы жоқ су қоймаларында 15 м/с жоғары болғанда шығаруға;
  4. Сәйкесінше құжаттары болмаған тұлғаларға жүзу құралдарын басқаруға рұқсат беруге;
  5. Қозғалыс кезінде борттан қолын шығаруға, бортта отырған кезде орын ауыстыруға, басқа жүзу құралдарына отыруға;
  6. Су велосипедінде сырғанау кезінде адамдарды отырғыштан велосипед корпусына түсіруге;
  7. 16 жасқа толмаған балаларға ересектердің бақылауынсыз жүзу құралдарын қолдануға және 7 жасқа толмағандарға қолдануға;
  8. Түнде, тұман кезінде және бағытты жоғалтып алуы мүмкін жағдайда жүзуге;
  9. Кіші өлшемді жүзу құралдарының шлюздерге, плотиндерге, сондай-ақ көпірге жақындауы немесе тоқтауы кезінде, оның астында, құрлыққа және кемеге, жағажайға, жүзу алаңдарына, басқа да адамдарға арналған су жанындағы демалыс орындарына, сондай-ақ гидротехникалық жұмыстар жүргізетін барлық аймақтарға жақын орналасуына;
  10. Мас күйінде жүзу құралдарын қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.
  11. 16 жасқа толмаған балалардың жүзу құралдарының кез келген түрімен жүзу тек үлкендердің жетекшілігімен және олардың қатысуымен рұқсат етіледі;

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Зілзалар қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар