31.05.2019, 15:11
Қараулар: 13
Анталиядан алтын жүлдемен!

Анталиядан алтын жүлдемен!

Таяуда  Түркияның  Анталия қаласында өткен каратэден әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Регина Тугаева алтыннан алқа тақты.

Бәйтерек  аудандық  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушылары мен тәрбиеленушілері әлем чемпионатында топ жарған Регинаны зор құрметпен қарсылап алды.

Володар мектебінің 4-сыныбында оқитын Регина каратэнің (IMGC) түрімен шұғылданады. Жаттықтырушысы – аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жоғары санатты жаттықтырушысы Фархат Жалмурзин.

Әлем чемпионын құттықтаған спорт мектебінің директоры Данияр Дүйсәлиев өренге естелік сыйлық табыстады.

Регина бүгінгі таңда Орал қаласындағы спорт клубында  жаттығады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар