31.05.2019, 15:09
Қараулар: 15
«Ұлы даланың ұлы тұлғалары»

«Ұлы даланың ұлы тұлғалары»

Мамырдың  29-ы  күні Мәншүк Мәметованың мемориалдық музейінде Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты көрмесі жасақталды. Музейдің салтанатты ашылуы бүгін, яғни 31 мамырда өтеді.

Көрмеге аталмыш музей қорынан Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған төсек жаймалары мен 1884 жылы Қазан баспасынан араб қарпінде шыққан «Шариғатул-Ислам» кітабының түпнұсқасы, Мәриям Хакімжанованың 1935 жылы латын графикасы негізінде шыққан «Жеңешем» атты алғашқы өлеңдер жинағы мен 1945 жылы жарық көрген «Мәншүк» кітабы, сонымен қатар М. Мәметованың туған жеріне қатысты тарихи фотоқұжаттар мен жеке заттары қойылған. Көрмеде сондай-ақ ел-жұрттың назарына Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметіне қатысты құнды деректер ұсынылады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар