28.05.2019, 16:00
Қараулар: 220
Медкітапшасыз жүрген аспаздар бар

Медкітапшасыз жүрген аспаздар бар

Биылғы  11 сәуірден  бастап, санитариялық-эпидемиология  саласындағы  заңнама  талаптарын, сондай-ақ  гигиеналық  нормативтердi  бұзғандар  үшін салынатын  айыппұл  мөлшері  едәуір артты.  Жаңа  айыппұл санкциялары  енгізілді.

Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен дөңгелек үстел барысында аталмыш департаменттің бөлім  басшысы Гүлсайра Санкаева мәлім етті. Ол жиында эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандардың  халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге  және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру туралы баяндады.

– Эпидемиялық маңыздылығы жоғары нысандар қатарына емдік-косметологиялық сұлулық салондары, косметологиялық орталықтары жатады. Олар халыққа қызмет көрсететіндіктен, яғни шағын хирургиялық ем-шаралар жүргізетіндіктен тазалық қатаң талап етіледі. Жалпы, санитариялық-эпидемиологиялық  саласындағы заңнама талаптарын орындамаған  халыққа қызмет көрсететін барлық нысанға айыппұл салынады, – деді Гүлсайра  Қайратқызы. Жиында сөз  алған аталмыш департаменттің бөлім басшысы Эльвира Төлеуованың айтуынша, эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандар саналатын  тамақ өнеркәсібі нысандарын,  қоғамдық тамақтану орындарын тексергенде, ондағы біраз қызметкерлердің медициналық кітапшалары болмағаны  анықталған.

Ясипа   РАХИМҚЫЗЫ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар