24.05.2019, 15:35
Қараулар: 9
140 шақырым «шайтанарбамен»

140 шақырым «шайтанарбамен»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Орал –  Теректі – Тақсай ханшайым кесенесі бағытына  веложорық  ұйымдастырылды.

– Бұқаралық спортты  дамыту, велоспортқа деген қызығушылықты ояту мақсатында бұл шара жыл сайын ұйымдастырылып келеді.

Ерекшелігі жылда бағыты өзгереді. Биылғы веложорықта Тақсай  ханшайымы кесенесінің тарихы мен мәдени маңыздылығы қатысушыларға таныстырылатын болды, – деді БҚО дене шынықтыру  және спорт басқармасының бөлім басшысы Дәурен Мұқанов.

Веложорыққа  әр түрлі жастағы 25 адам қатысты. Олар жалпы ұзындығы 140 шақырымды жүріп өтті.

Оларды Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева қарсы алды.

— Веложорыққа жиі қатысып тұрамын. Былтыр Ақжайық ауданынан Орал қаласына дейін 200 шақырымды жүріп өткен болатынбыз. Осы жолғы веложорық қызықты өтті. Велошеру барысында балалар бір-біріне көмектесіп, шаршап қалғандар тынығып алғанша күтті. Мұның өзі командадағы бауырмалдықтың  артуына себепші болды, – дейді веложорыққа қатысқан Владимир Певин.

Есенжол  ЕЛЕКЕНОВ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар