24.05.2019, 15:28
Қараулар: 159
Жасанды жартас орнатылды

Жасанды жартас орнатылды

«Жуырда  Сырым ауданындағы мәдени-спорт кешенінің ғимаратына жасанды жартас орнатылып, пайдалануға берілді» деп хабарлайды «Жас туристер стансасы» мекемесінің басшысы Зәмзәгүл Ерғазиева. Бұл нысанда енді тау туризмі үйірмесінің оқушылары жаттығатын болады. 

Тау туризмі бойынша ауданға жаттығу базасының қажеттілігі бүгінге дейін туризм саласының педагогтары тарапынан айтылып жүрген болатын. Осы мәселе Сырым ауданы әкімдігінің қолдауымен шешілді.

Станса жанындағы тау туризмі үйірмесіне  44 бала қатысады.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар