16.05.2019, 12:16
Қараулар: 11
БҚО ТЖД қызметкерлері интерактивтік сабақ өткізді

БҚО ТЖД қызметкерлері интерактивтік сабақ өткізді

edh

 

2019 жылдың 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры М. Отаров пен аталған басқарманың бас маманы азаматтық қорғау капитаны Н. Мусиев және БҚО ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ СҚҚ басшысы А. Еремеев облыс мектептері оқушыларына онлайн режимде «Жаз маусымындағы су айдындарында демалу кезіндегі қауіпсіздік» және «Балалардың отпен ойнауы» тақырыптарында интерактивтік сабақ өткізді. Сабаққа 30 білім беру мекемесінің білім алушылары қатысты. Интерактивтік сабақта суға шомылу кезіндегі және өрт қауіпсіздігі ережелері слайдтық материалдардың сүйемелдеуімен түсіндірілді.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары құтқару құрал-жабдықтарымен, оның қолданылу ережелерімен таныстырды.

Аталған тақырыптағы сабақты төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын жоспарға сәйкес өткізіп келеді. Сабақ соңында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап берілді.

Судағы өлім стастикасы да азаймай тұр. Өткен 10 жылдың ішінде 262 адам суға кетсе, соның 72-сі балалар. Балалардың судағы өлімі көбіне үлкендер мен ересектердің нейқұмарлығынан болады. Көбінесе, балалар үлкендердің қарауынсыз қалып өз бетімен су қоймаларына барып шомылады, ал қасірет орын алған кезде көмек көрсетуі мүмкін болатын ересек адам болмай қалады.

Алайда, қайғыны болдырмауға болады, егер келесідей судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаса.

  • Қоршау белгісінен әрі жүзбеңіз!
  • Тыйым салынған орындарда суға түспеңіз!
  • Суға шомылған кезде бейнекамераны, допты, тақтайшаны қолданбаңыз!
  • Көпірден, бөгеттен, қайықтан және катерден суға секірмеңіз!
  • Өтіп бара жатырған катердің, қайықтың астынан жүзіп өтпеңіз!
  • Таныс емес жерде сүңгімеңіз!
  • Суда тентектікке жол бермеңіз!
  • Жалған дабыл бермеңіз!

Құрметті облыс қонақтары мен тұрғындары! Қауіпсіздік ережелерін елемудің кесірінен құрбан болмаңыз!

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Зілзалар қауіп-қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар