16.05.2019, 12:06
Қараулар: 163
Өрт қауіпі кезеңіне дайындық күшейтілді

Өрт қауіпі кезеңіне дайындық күшейтілді

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

 

Ағымдағы жылдың қыс мезгілі өте қиын болды, сол кезең бітіп енді алдымызда өрт қауіпі кезеңі келе жатыр. Жаз мезгілінде біздің ауданымыздың климатына сай ауа райы өте ыссы және желді болады. Сол кезде аудан аумағында шөп шабу және жинау науқаны жүреді. Тәжірибе көрсеткендей, үлкен шығынға әкелетін табиғи өрттердің өршуіне байланысты қазіргі уақытта  жану мезгілі келе жатыр.

2018 жылы аудан аумағымызда 19 дала жану орын алып, жалпы 2535 га жер көлемінде дала құрғақ шөбі жанып кетті, ал 2017 жылы жазғы кезенде 32 дала жану (жалпы 10017 га) және 1 дала өрті (жалпы 8572 га) оқиғасы тіркелді. 2019 жылдың күні бүгінге дейін дала жануы тіркелген жоқ, дей тұрғанмен елді мекендердің аумақтарында 1 тұрғын үйдегі өрт, 1 монша және 1 шөппен шаруашылық құрылыста өрт орын алды, 2 күл-қоқыс жану фактісі тіркелді. Осы оқиғалардың нәтижесінде 3 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы өрт қауіпі кезеңіне толықтай дайындық жүргізіліп жатыр, атап айтқанда:

Ауданның әр ауылдық округтерде ерікті өртке қарсы құрамдары толтырылып түзетілді, олардың мүшелері нұсқамалардан өткізілуде. Ерікті өртке қарсы құрамдарға аспалы өрт сөндіргіштер мен шапалақтар дайындалуда. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Бөкейорда аудандарының Ұзынкөл және Мұратсай ауылдық округтерінің ерікті өртке қарсы құрамаларының арасында жаттығылулар мен оқу-сабақтар өткізілді. Жаз мезгілінде жану мен өрттерді жою үшін аудан бюджетінен 14 057 литр дизель және 3 500 литр бензин жану-жағар май дайын. 2019 жылғы  сәуір айының 25 күні аудан әкімдігі «2019 жылы аудан аумағында табиғи өрттен қорғау жөніндегі аудандық іс-шаралар туралы» № 83 қаулы қабылдап, аталған қаулыда аудандық штаб құрылып, нақты іс-шаралар бекітілді. Аудан әкімі аудан аумағындағы ауыл шаруашылық техниканы техникалық бақылаудан өткізу кестесін бекітіп, кесте жергілікті «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетіне жарияланды. БҚО ТЖД Жәнібек ауданы ТЖБ-сының қызметкрелері аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің қызметкрелері, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарының қызметкерлерімен және полиция қызметкрелерімен бірлесе аудан аумағындағы ауыл шаруашылық техниканы техникалық бақылаудан өткізген кезде жыл сайын белсенді қатысады.

Жәнібек және Борсы ауылдық округтерінде 2 трактор «Водолей ПКП-4» өрт сөндіру тіркемесімен және Жәнібек ауылдық округінде жүк бөлігіне 1 кубаметр мөлшерінде 2 цистерна (500 литрдан) орнатып, жану мен өрттерді жоюға беймделген УАЗ автокөлігі бар. Аудан аумағында ең алыс орналасқан Жақсыбай ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті АЦ-40 автокөлігімен бар. Аудан орталығында өрт сөндіру бөлімінде 3 арнайы өрт сөндіру автокөлігі бар.

Сонымен қатар, облыс орталығынан өртке қарсы қызметті күшейту үшін КАМАЗ арнайы өрт сөндіру автокөлігі берілді.

Аудан аумағы өрт қауіпі кезеңіне толықтай дайын деп санауға болады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД