16.05.2019, 12:05
Қараулар: 151
Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Өрттің қуаты әрі өршігіш, әрі қауіпті. Бүгінде өртке қарсы күрес мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Себебі өртті сөндіргеннен оның алдын алған оңай. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі мәселелерімен тек қана қажетті қару-жарағы мен техникасы бар мамандар ғана емес, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ерікті өрт сөндіру күзет қызметкерлері, ауылдық жерлерде ашылған өрт сөндіру бекеттері де айналысады.  Әрбір адам оттың жануына жол бере отырып өзінің өмірін, денсаулығы мен материалдық әл-ауқатын зор қатерге тігетінін түсінуі тиіс.

Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге ормандағы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелерін ЕСКЕ САЛАДЫ:

  • алауды орманда аса қажетті кезінде және арнайы бейімделген жерде жағыңыз;
  • алауды айқындалған қолданымдағы ережелер бойынша жағыңыз;
  • алауды мұқият өшіріңіз;
  • өшірілмеген темекі тұқылын және сіріңкені ойланбай тастаудан аулақ болыңыз;
  • орманда жанудың кішкене белгісін байқасаңыз, оны өшіру бойынша барлық шараларды қолданыңыз;
  • болған жағдайды орман қызметкерлеріне айтуды ұмытпаңыз;
  • егер өзіңіз өртті өшіре алмай жатсаңыз, бұл туралы «101» және «112» телефон номерлеріне қоңырау шалып хабарлаңыз. Аталған номерлерге желіден тыс кезінде де қоңырау шалуға болады.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар