16.05.2019, 12:02
Қараулар: 10
Балалардың жазғы демалысы кезінде…

Балалардың жазғы демалысы кезінде…

Қазір оқу жылындағы сабақтың аяқталуына байланысты мектеп оқушылары жазғы демалысқа шығып жатқаны белгілі. Осыған орай, мектеп оқушыларының жазғы демалысында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қала және облысымыздың орта білім беретін мектебі оқушылары мен олардың ата-аналарына жазғы демалыс кезінде оқушылардың суға шомылуы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Яғни, әрбір ата-ана жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытындағы іс-әрекеттеріне көп көңіл бөлгендері абзал. Бұнымен қоса, табиғат аясында өзендерде суға шомылғанда балалардың абай болғаны жөн. Себебі жүзу білмесеңіз немесе өзіңізге белгісіз (ағысы қатты, терең, жар-қабақтар) жерлерге шомылмау керек. Ересектерсіз өз бетіңізше суға түспеңіз.

Салқын суда көбіне қол-аяқтар құрысып қалып жатады. Терең су кеудені қысып,тыныс алуды тарылтады. Мүмкіндігінше, саспаған (үрейленбеген) дұрыс. Адам су ішінде айқайлап, қармана берсе, әлі кетіп, су жұтады.

Төменде зардап шегуші су жұтқан кездегі көрсетілетін алғашқы көмек, кейбір әдістер келтірілген.

Су жұту — тыныс алу жолдарын сұйықтықпен немесе сұйық массалармен толтыру. Су жұту белгілері болып, ауыздан көбік бөлу, жүрек қызметінің және тыныс алудың тоқтауы, көз ұлпасының кеңейуі, тері жамылғыларының көгеруі.

Алғашқы көмек.

Ауыз қуысын тазарту, сосын зардап шегушіні құтқарушының жамбасына қойып, бұл кезде  зардап шегушінің басы жерге қарай салбырап тұруы, кеудесі мен арқасын қаттырақ қысу арқылы іштегі және өкпедегі суды шығару керек, бұдан кейін тездетіп жасанды тыныс алдыруды жүргізеді.

Биыл да жылдағыдай мектептер жанынан 2 лагерь ұйымдастырылып отыр. Бұл лагерлерде балалар ойын ойнап, жазғы демалысын жақсы өткізері анық. Десек те, бұл демалыс орындарындағы балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлгеніміз абзал.

 Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар