21.05.2019, 11:38
Қараулар: 11
Монография мен хрестоматия

Монография мен хрестоматия

Таяуда «Қоғамдық сананы рухани жаңғырту» атты монография мен хрестоматия жарыққа шықты.

Жарық көрген қос кітап ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің гранттық жобасы аясында дайындалған. Әдеби өлке мұрасын зерттеу нысанына алған ғылыми монография Орал өңірі ақын-жазушыларының ХХ ғасырда жарияланған шығармалары зерттеліп, әдеби-ғылыми тұрғыдан сарапталады. Хрестоматияда туған жер, атамекенге деген сүйіспеншілік, батылдық пен өшпес ерлік, адамгершілік пен еңбексүйгіштік тақырыптарындағы шығармалар қамтылған.

Монография авторлары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла Мүтиев пен педагогика ғылымдарының магистрі Жангүлім Мұханбетова болса, хрестоматияны құрастырған осы екі автордың қатарында PhR философия докторы, аға оқытушы Айдарбек Ақболатов бар. Қос кітап жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне (магистранттарына), қазақ әдебиеті пәні тереңдетіліп оқытылатын бейімдік мектептер (лицей, гимназия) мұғалімдері мен шәкірттеріне, жалпы әдеби өлке мұрасына қызығушылық танытқан ізденушілерге арналған.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар