21.05.2019, 11:36
Қараулар: 211
Министр халыққа есеп береді

Министр халыққа есеп береді

Мамырдың 29-ында Нұр-Сұлтан қаласында астана уақыты бойынша 15.00 сағатта ҚР Энергетика министрі  Қанат Бозымбаевтың  халыққа есеп беру кездесуі (бейнеконференция) өтеді.

ҚР Премьер-министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес өтетін  кездесу барысында Энергетика министрі өзі жетекшілік ететін ведомствоның қызметі, мұнайгаз, мұнай-газ-химия, уран, электр энергетикасы және қоршаған ортаны қорғау салаларының даму жоспарлары жайында баяндайды және сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға 8 (7172) 786958, 786884, 786887, 786886 немесе электрондық мекенжайға e.ermekuly@energo.gov.kz, u.akhmetova@energo.gov.kz жолдауға болады. Сонымен қатар проблемалық мәселелерді Энергетика министрлігінің сайтында қызмет ететін «Энергетика министрінің халық алдында есептік кездесуі форумында» талқылауға болатындығын хабарлаймыз: http://www.energo.gov.kz.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар