21.05.2019, 11:34
Қараулар: 220
14 қоғамдық штаб

14 қоғамдық штаб

Өткен  апта  соңында «Nur  Otan»  партиясы  Батыс Қазақстан  облыстық  филиалында  ел  президенттігіне  кандидат  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  аймақтағы сайлауалды  сайлау  науқанының  аралық  қорытындылары туралы  брифингі  өтті.

Баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Серік Сүлеймен аталған науқанға байланысты атқарылған жұмыстар  туралы  баяндады.

– Қазіргі таңда облысымызда ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау жөніндегі құрамы 305 адамнан тұратын 14 қоғамдық штаб жұмыс жасауда. Облыс бойынша 888 сенімді өкіл Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысуда. Облысымызда кандидаттың 14 қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенімді өкілдері 115 адам қабылдады. Үгіт-насихат жұмыстары арнайы желілік кестеге сәйкес  жүргізілуде.

Республикалық деңгейде 36 ісшара өтіп, оған 7558 адам қамтылса, жалпы желілік кесте аясында 48 мыңнан астам адамды қамтыған 265 іс-шара өтті. Соның ішінде сенімді өкілдер 195 кездесу өткізді. Аталмыш кездесулерге 38 мың адам келді. Жалпы, барлық нысаналы топтар қамтылуда, оның ішінде жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік жүйе қызметкерлері, еңбек ұжымдары және тағы басқалары бар. Облыс орталығы және аудандарда барлығы 31 үгіт-насихат билбордтары орналастырылды, – деді штаб төрағасы.

Серік Кенжебекұлының мәлімдеуінше, бүгінде 28 998 үгіт-насихат материалдары таратылып, ілінген.  «Есіктен есікке» акциясы аясында 9074 пәтер мен тұрғын үй  қамтылып, үгіт-насихат жұмыстарына облыс бойынша 855 белсенді жұмылдырылған. Сонымен қатар 13 мамырдан бастап  облыста  «Birge» жалпыұлттық акциясы басталды. Акция аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері арқылы халықтың ұсыныстары  мен  тілектері  жиналады. Сол арқылы президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға барлық  азаматтар тікелей қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ әр азамат өз ұсыныс-тілегін республикалық қоғамдық қабылдау ресми сайтында және президенттікке үміткердің арнайы ресми парақшасында да  қалдыра алады. Бүгінгі күнге жинақталып, сайтқа тіркелген ұсыныс-тілектердің саны 2600-ден асады.

Динара   ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,

«Орал    өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар