16.05.2019, 21:31
Қараулар: 235
Жасанды кедергі орнатылады

Жасанды кедергі орнатылады

Жазылған  жайдың  жалғасы

 «Орал өңірі» газетінің №35 санындағы журналист Есенжол Елекеновтың «Қауіпті қиылыс» атты сын материалына орай  БҚО полиция департаменті төмендегідей жауапты ұсынады.

 2018 жылы Орал қаласындағы М. Өтемісов пен Көкшетау көшелерінің бойындағы жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша бекітілген сызбаға сәйкес Көкшетау көшесіне қарағанда М. Өтемісов  көшесі басты жол болып есептелгеннен кейін аталмыш көшеге тиісті жол белгілері толық орнатылды. Алайда осыған қарамастан аутокөлік  жүргізушілері  жол белгілері талаптарын сақтамай, кей жағдайларда апатты жағдайлар тудыра отырып, Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуда.

Көрсетілген көшелерге облыс орталығы көше-жол желілерінің меншік иесі “Орал қаласының жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары бөлімі” ММ мен әкімшілік полиция  өкілдерінің  қатысуымен комиссиялық зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Көкшетау көшесіне қиылыстан қауіпсіз өтуді қамтамасыз ететін жоғары жылдамдықты шектейтін жасанды кедергі орнату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар бүлінген жол белгілерін ауыстыруды, қосымша қауіпсіздік белгілерін және тиісінше жол таңбаларын орнатуды мердігер ұйым 2 мамырда ретке келтірді. Арнайы комиссия көлік  пен жаяу жүргіншілердің орташа қозғалыс қарқындылығын есепке ала отырып әрі ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары» құжатының негізінде Көкшетау мен М. Өтемісов көшелерінің қиылысына бағдаршам орнатудың қажеттілігі жоқ деген шешімге келді.

Қазіргі кезде аталған екі көшені жол-патрульдік полиция қызметкерлері ұдайы бақылауға алды. Шаралардың орындалуы полиция департаменті басшылығының қатаң  бақылауында  болады.

БҚО  ПД  баспасөз  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар