16.05.2019, 21:10
Қараулар: 116
Еңбек ардагерлері ескерусіз қалмайды

Еңбек ардагерлері ескерусіз қалмайды

Кеше  облыс  әкімі  Алтай Көлгінов  еңбек  ардагері, қоғам белсендісі  Нариман  Өтешевпен  кездесті.

Өңір басшысы саналы ғұмырын облысымыздың газдандыру, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау саласына арнаған еңбек ардагерін мерейлі 80 жасымен құттықтап, облысымыздың дамуына  қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және жас ұрпақ тәрбиесі  турасына  әңгіме өрбіді.

Айта кету керек, ұзақ жылдар жауапты мемлекеттік қызметте болған Нариман Сүлейменұлы өңіріміздің қоғамдық өмірінен де тысқары қалған жоқ. «Жайық-Орал» халықаралық экологиялық, тарихи-мәдени экспедициясын ұйымдастыруда да ол кісінің айқын қолтаңбасы бар.

Облыс   әкімінің   баспасөз   қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар