16.05.2019, 20:50
Қараулар: 191
Сенімді өкілдер кәсіпкерлермен кездесті

Сенімді өкілдер кәсіпкерлермен кездесті

Кеше «Nur Otan» партиясының БҚО филиалында ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері, жергілікті мәслихат депутаттары Валентина Михно мен Фарид Бахтиозин өңір кәсіпкерлерімен кездесті.

– Кезектен тыс президент сайлауын өткізу биліктің тұрақтылығы мен елдің бірлігін нығайту үшін қабылданған уақтылы әрі өте орынды шешім болды. «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ сиезі Елбасының ұсынысымен Қасым-Жомарт Тоқаевты ҚР Президенттігіне үміткер ретінде бірауыздан ұсынды. Ол – ел дамуының ең күрделі кезеңінде Үкімет басқарды, ел тәуелсіздігіне жантәнімен адал қызмет етіп келе жатқан саяси қайраткер. Бір жылдарда Мемлекеттік хатшы әрі Сыртқы істер министрі қызметін қоса атқарды. Әлемдік дипломатиядағы зор беделі Қасым-Жомарт Кемелұлын ең ірі халықаралық ұйым – БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасарлығына алып келді. Қасым-Жомарт Кемелұлы екі рет қатарынан республика Сенатын басқарды. Жалпы, Сенат төрағасы – Конституция бойынша елдегі екінші лауазым иесі. Сол себепті ол кейінгі бес жарым жыл бойы үнемі Елбасының жанында болып, оның көптеген бастамаларына ақыл қосты. Оның әрдайым салмақты, сабырлы қалпы, әлемдік геосаясат пен жаһандық экономиканы жетік білетін парасат-пайымы Елбасы таңдауының дұрыстығын одан әрі орнықтыра түседі. Алда сайлауда біздің дана халқымыз әлем таныған парасатты тұлға, бүкіл отбасымен тарихтың небір тар жол, тайғақ кешулерінен аман өтіп, соңына бүкіл әулеттің үмітін арқалаған жалғыз тұяқ қалдырған жауынгер-жазушының ұлы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды деп нық сенемін, – деді Фарид Бахтиозин.

Ал Валентина Михно халық игілігі үшін еліміздегі жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға тоқталып, алдағы уақытта осы жұмыстар жалғасын табу үшін бизнес өкілдерін Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге үндеді.

Сондай-ақ басқосуға қатысқан кәсіпкерлерге «Nur Otan» партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының атынан «Бірге» жалпы ұлттық акциясы шеңберінде жеке ұсыныс-пікірлерін жазуға арналған парақшалар таратылды.

Кәсіп иелері өз кезектерінде мемлекеттік бағдарламалар аясындағы елдегі атқарылып жатқан оң өзгерістерге тоқталып, Елбасының бастамаларын жалғаушы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтындықтарын айтты.

Нұрбек   ЗӘКАРИЯҰЛЫ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар