16.05.2019, 20:49
Қараулар: 117
Дұрыс таңдау жасау маңызды

Дұрыс таңдау жасау маңызды

Кеше  «Nur  Otan»  партиясы  БҚО  филиалының  XXIV конференциясы  өтті.  Өңірдегі  бастауыш  партия ұйымдарының  мүшелері  қатысқан  басқосуда  сөз алғандар  бірауыздан  Қасым-Жомарт  Тоқаевтың  кандидатурасын  қолдайтындықтарын  айтты.

– Елбасы, партия төрағасының берген тапсырмасы бойынша соңғы жылдары партия қызметін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқаны белгілі. Бірқатар тың жобалар қолға алынып, жаңа бастамалар жүзеге асырылуда. Соның ішінде бастауыш партия ұйымдарының рөлін күшейту ісі де бар. Бүгінде еліміз бойынша «Nur Otan»-ның 6 мыңға жуық бастауыш партия ұйымы болса, оның 273-і біздің өңірімізде. Бір миллионнан астам «нұротандық» осы ұйымдарға топтастырылған. Партиялық жаңғыру аясындағы басым бағыттарымыздың бірі – бастауыш партия ұйымдарын жандандырып, олардың жұмыс тиімділігін арттыру. Жалпы, біз бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қашанда жоғары бағалаймыз. Себебі, бұл ұйымдар халықтың тікелей ортасында жүріп, сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Алда баршамыз үшін маңызды шешім қабылдайтын саяси шара келе жатыр.  Партияластарымыз бен партия жақтастарының бұл маңызды шарада алатын орны да ерекше екені сөзсіз. Сайлаушылардың дұрыс таңдау жасауына да біздер ықпал ете аламыз.

Еліміздің әр тұрғынына тең мүмкіндік беру, күнкөрісі төмен тұрғындарға, жастарға, зейнеткерлер мен көп балалы отбасыларға белсенді әлеуметтік қолдау көрсету сынды Елбасының саяси және экономикалық тұрақтылық бағытын жалғастыруды ұстанған біздің бір ғана кандидатымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс беруге шақыруды әрқайсымыз қазірден бастап қолға алуымыз керек, – деді «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық қоғамдық штабының жетекшісі Серік Сүлеймен.

Форумда сөз алған Теректі ауданындағы Юбилейный ауылдық мектебінің директоры, ауылдық БПҰ төрайымы Венера Тоқтарова,  “Nur Otan” партиясы Тасқала аудандық филиалы Камен бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәдениет үйінің директоры Жанар Бисенғалиева, «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС қызметкері, партия белсендісі Виталий Семеновтар да Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаудың маңыздылығына  тоқталды.

Нұрбек   ОРАЗАЕВ,

«Орал   өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар